» » Кәсіпкерлерге 31 мамырға дейін төрт түлік малды дерекқорға енгізу мүмкіндігі берілді

Кәсіпкерлерге 31 мамырға дейін төрт түлік малды дерекқорға енгізу мүмкіндігі берілді


Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерді ересек төрт түлік малды дерекқорға енгізуге шақырады. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі 31 мамырға дейін мүмкіндік беріп отыр.
  «Дерекқорға енгізу дегеніміз қарапайым тілмен айтқанда сырғалау. Оның қажеттігін кәсіпкерлер былтыр елде қуаңшылық болғанда жақсы түсінді. Себебі осындай қиындықтарда мемлекет тарапынан көмек көрсетілерде базада бар-жоқтығы тексеріледі. Талап бойынша сырғалау төлдің алты айлығына дейін жүргізіледі. Кейде түрлі себептермен мал ұстаған жандар уақытылы сырға салдыра алмай қалуы мүмкін. Ал қазір шаруаларға 31 мамырға дейін төрт түліктерін түгелдеп, дерекқорға енгізуге тамаша мүмкіндік беріліп отыр», – дейді Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жасұлан Серіков.
Бұрын тіркелмеген, есепке алынбаған  ересек төрт түлік малды әр адам өз атына тіркеп ала алады. Ол үшін аудан, қала көлеміндегі мал шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары, жеке шаруашылықтардағы әрбір мал иесі тұрғылықты жері бойынша ветеринариялық дәрігерлерге өтініш білдіріп, дерекқорға тіркеуі тиіс.
Салаға жауапты мемлекеттік орган базаға тіркелмеген ауыл шаруашылық малдарына жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралар (профилактикалық, диагностикалық) жүргізілмейтінін және төрт түліктің иелеріне тасымалдауға, сатуға және т.б. ветеринариялық рұқсат құжаттары берілмейтінін атап өтті.
Қызылорда облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясы палатаға жазған хатында базаға енгізу үшін қажетті құлақ сырғалары облыс көлемінде жеткілікті екенін, 2021 жылдың желтоқсан айында мүйізді ірі қара малға арналған – 111 439 дана, уақ малға – 254 908 дана, түйе малына – 9139 дана, шошқаға – 1067 дана құлақ сырғалары жергілікті жердегі ветеринариялық станцияларға таратылғанын жеткізді.
«Төрт түлікті дерекқорға енгізу шаруаларға несие және субсидия алу үшін де керек. Жауапты орган сырғалардың жеткілікті екенін айтып отыр. Егер ауылдардағы ветеринарлық дәрігерлер тарапынан түрлі себептер айтып, тіркеуден бас тарту жағдайлары болса Кәсіпкерлер палатасына хабарласуларыңызды сұраймыз»– дейді Жасұлан Серіков.
          Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының байланыс нөмірі 8 /7242/ 40-09-81.


09 ақпан 2022 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031