» » Төрт қазақстандық кәсіпқой боксшы жекпе-жектерден шеттетілді

Төрт қазақстандық кәсіпқой боксшы жекпе-жектерден шеттетілді

Қазақстандық төрт кәсіпқой боксшы уақытша жекпе-жектерден шеттетілді, – деп хабарлайды Vesti.kz спорттық порталы BoxRec.com басылымына сілтеме жасап. Нью-Йорктегі қазақ-полицей Димаш Ниязов, Айдар Шәрібаев, Шыңғысхан Тәжібай және Сағадат Рахманқұлов санкцияға ілікті. Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясы Тәжібайды 21 мамырға дейін, ал Ниязовты 27 маусымға дейін шеттеді. Шәрібаев (27 мамырға дейін) пен Рахманқұловты (19 маусымға дейін) Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы шеттеді. Әзірге себебі белгісіз. Медициналық сипаттағы санкция болуы мүмкін. Димаш Ниязов соңғы жекпе-жегін 28 сәуірде Нью-Йоркте өткізіп, спорттық мансабында тұңғыш рет ұпай санымен мексикалық Анхель Саринадан жеңіліп қалды. Осындай жағдай Шәрібаевтың да басынан өтті, ол сәуірде америкалық Эндрю Канчиодан мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді. Рахманқұлов пен Тәжібай шаршы алаңға сәуірде шығып, екеуі де жеңіске жеткен.

22 мамыр 2018 ж. 1 043 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930