» » Тоқаев: Мемлекет үшін ауыр шешімдер қабылдадым, болашақта да қабылдаймын

Тоқаев: Мемлекет үшін ауыр шешімдер қабылдадым, болашақта да қабылдаймын

Қасым-Жомарт Тоқаев қажет болған кезде "күрделі шешімдер" қабылдайтынын мәлімдеді. Ол біреумен жақсы қарым-қатынас орнатқаннан гөрі мемлекеттің мүддесін жоғары қоятынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Мемлекет басшысы үкіметке күрделі шешімдер шығару керектігін айтты. 
"Ол шешімдерді міндетті түрде кәсіпкерлер қауымдастығымен ақылдасу керек. Салықты адал төлеу тиімді әрі қарапайым болатындай ету керек. Бизнес, әсіресе ірі бизнес өкілдері тұманды серіктестеріне шыдамсыздық таныту керек. Ал көлеңкелі экономика үлесін қысқартқаны үшін мемлекеттен жауапкершілікті ешкім алып тастамайды. Бұл бюджетке кіретін қомақты қор. Сондай-ақ, адал салық төлеушілерді қолдап, оларды арам бәсекелестіктен қорғау керек. Жұмысты таза кедендік шекарадан бастаған дұрыс. Тапсырма бердім, нақты және жедел нәтиже күтемін", - деп мәлімдеді Тоқаев. 
Сондай-ақ, президент мемлекеттік сатып алуларды реттеуді тапсырды. 
"Мемлекеттік сатып алулар - үлкен экономикалық қор, оны дұрыс қолдану керек. Мұнымен бізде проблема көп. Ол баршаларыңызға мәлім. Әлі де бейбәсекелік жолмен жасалатын сатып алулардың үлесі жоғары. Тек баға параметріне сүйену тауарлар мен қызметтердің сапасын екінші орынға ысырады. Көбінесе қазақстандық жеткізушілерді өндірісті бастау мүмкіндігінен айырады. Импорттық өнімдерді қазақстандық өнім ретінде өткізіп жүрген бір күндік компанияларға қатаң іріктеу жоқ. Бұл мәселені шұғыл шешу қажет", - деді мемлекет басшысы.
Бұл орайда мемлекет басшысы "Самұрық Қазына" қорының сатып алу жүйесіне баса мән беру керектігін айтты. "Көтермеленген баға, күңгірттік, - бұл фактілерді шұғыл реттеу керек. Бұлай жалғаса беруіне болмайды. Бір ай уақыт беремін және соңғы рет. Шешім болмаса - қатаң шешім шығады.  "Платон – менің досым, бірақ ақиқат қымбатырақ" формуласы мен үшін түйінді әрі мақсатты маңызға ие екенін барлығы түсінді деп үміттенемін. Бұл барлық мәселелерге қатысты. Мен үшін біреумен жылы қарым-қатынас орнатқаннан гөрі, мемлекеттің мүддесі жоғары. Мемлекет үшін ауыр шешімдер қабылдадым, болашақта да солай жасаймын", – деді Тоқаев кәсіпкерлермен кездесу кезінде. 
Президент байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық жол беруге болмайтын деңгейге жеткенін айтқан еді. 
21 қаңтар 2022 ж. 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031