» » Instagram желісінде жаңа функция пайда болды

Instagram желісінде жаңа функция пайда болды

Meta компаниясының құрамына кіретін Instagram әлеуметтік желісі контент үшін пайда табуға мүмкіндік беретін ақылы түрде жазылуды енгізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 


Instagram әлеуметтік желісі ақылы жазылу арқылы блогерлерге қосымша табыс табуға мүмкіндік беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы әлеуметтік желі басшысы Адам Моссери өз парақшасында хабарлады. 
Моссеридің айтуынша, Instagram шығармашылық адамдар шоғырланған үздік орынға айналуы тиіс.  Сондай-ақ мұндай тұлғалар сүйікті ісімен айналысып, табыс табуы керек. 
“Жазылым авторларға ақша табуға және өзінің белсенді оқырмандарымен тығыз байланыс орнатып, оларға эксклюзивті контент ұсына алады. Алдағы бірнеше ай бойы бұл тестке мейлінше көп авторды тартуға тырысамыз. Одан кейін бұдан да үлкен жаңалықтар болады", – деп жазды Моссери.
Блогерлер жаңа ақылы функцияның көмегімен өз аудиториясын жіктейді. Өзіне ақылы түрде жазылған оқырмандарға ғана тікелей эфир, Stories қолжетімді болады. 
Әлеуметтік желі басшысы функция АҚШ-та сынақтан өтетінін айтты. Алдағы айларда сынаққа басқа да авторлар қосылатын болады. 
21 қаңтар 2022 ж. 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 816
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 510

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930