» » Instagram желісін қолданушылар үшін жаңа тыйым пайда болды

Instagram желісін қолданушылар үшін жаңа тыйым пайда болды

Ендігі уақытта ересек азаматтар Instagram желісінде кәмелет жасына толмағандарға хат жаза алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Instagram әлеуметтік желісі ересектер мен кәмелет жасына толмаған қолданушыларға деген саясатын өзгертті. Ендігі уақытта ересектер жасөспірімдерге смс жаза алмайды. 
Бірақ, ересек жасөспірімнің Instagram парақшасына тіркелген болса, онда жазуға тыйым салынбайды. Бұл шара балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз әрекеттерден қорғау мақсатында қолға алынып отыр. 
Сондай-ақ, кәмелет жасына толмағандарға өз жазылушыларынан бөгделерден Instagram профилін жабық түрде қолдануға кеңес береді. Ал егер жасөспірімнің өзі бастап ересек адамға жазғысы келсе, онда оған күмән туғызатын ескерту жасалады. 
Одан бөлек, Instagram желісі жасанды интеллект алгоритмін де жаңалады. Жаңа алгоритм қолданушының жасын анықтауға көмектеседі. Бұл өз кезегінде профиль ашқан кезде дұрыс жас мөлшерін көрсетпеудің алдын алады. 
17 наурыз 2021 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 991
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031