» » Instagram мен WhatsApp желісінде енді бірнеше адам видеоқоңырау арқылы байланыса алады

Instagram мен WhatsApp желісінде енді бірнеше адам видеоқоңырау арқылы байланыса алады

Жаңадан енгізілгелі жатқан бұл функция жайлы Facebook компаниясының бас директоры Марк Цукерберг жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін конференция кезінде мәлімдеді. The Verge басылымының хабарлауы бойынша бірнеше адамға бір мезетте байланысуға мүмкіндік беретін бұл функцияны тексеру үшін қазіргі таңда сынаққа қатысушы топ пайдаланып жүр. Жақын арада, 1-2 аптаның ішінде бұл функция барлық аудиторияға қолжетімді болмақ. Цукербергтің айтуынша, бүгінгі күні Instagram тұтынушылары желінің негізгі қызметін атқарушы тікелей эфирді достармен байланысу үшін белсенді түрде қолданады. Сондықтан да, компания басшылығы бейне арқылы байланысуда ешқандай кедергі болмау керек деген принципті алға қойып, Instagram-ға видеоқоңырауды енгізген. Дәл осы жүйе WhatsApp мессенджерінде де іске қосылмақ.  Бұдан бөлек, бағдарламалар арасында ойып алар орны бар Instagram желісінің дизайнына жақын уақытта өзгерістер енеді. Сонымен қатар, қолданушылар үшін бағдарлама жүйесіндегі камераны пайдалану кезінде AR-эффекттерін қолмен баптау мүмкін болмақ.

04 мамыр 2018 ж. 1 002 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930