» » Информатика – әлемді бағындырады

Информатика – әлемді бағындырады


Байқоңыр қаласындағы №274 орта мектеп ұжымы аудандық газетпен шығармашылық байланыста. Жетістігі мол білім ордасының үш тілді жетік білетін информатика пәні мұғалімі Анар Срымбетова жақында Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігі және Алматыдағы АҚШ Бас Консульдығының ұйымдастырған біліктілік курсына шақырту алды.
АҚШ Мемлекеттік департаменті, «MakeSpace» ұйымы және «Chevron» компаниясының қолдауымен «StudyCS» ұйымдастыру бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласында өткен информатика мұғалімдерінің бір апталық оқыту-тренингіне Қазақстанның әр өңірінен 782 информатика мұғалімдері өтініш білдіріп, 28 мұғалім іріктеуден өткен. Іріктеу кезінде екі бөлімнен тұратын сынақ жүргізіліп, оның бірінші бөлімінде мұғалімдер шағын эсселермен қамтылған са­уалнама толтырса, екінші бөлімінде ұйымдастырушылармен үш тілде видео-сұқбат жүргізіліпті. Қазақстандық білікті 28 информа­тиктың қатарынан табылған Анар Шамшадинқызы бір апта­лық оқыту аясында Python, Scratch, Веб­Дизайн, UX дизайн, CS Unplugged тілдерінде бағдарламалау негіздерін және сабақтар мен жобалар үшін презентациялар жасау дағдыларын жоғары деңгейде үйреніп келген.
– Оқытумен қатар «Smart Point» коворкинг орталығына, «MakerSpace» әлемдік форматтағы шығармашылық алаң-шеберханасына, «NGS» жаңа ғасыр ұрпағы мектебіне және «LEAS» робототехника оқу орталығына керемет саяхаттар ұйымдастырды. Білімді де жан-жақты шәкірт тәрбиелеу үшін мұғалім ізденісін әркез арттырып отыру керек. Бұл курсқа арнайы шақырту алып, көп жаңалықпен қаныққаныма қуанамын. Қазір ғылым күннен-күнге дамуда. Жаңа бағдарламалар қатарға қосылып, жұмыс жүйелене түсуде. Өзімнің білгенімді енді өзгелермен бөліссем, әріптестеріме үйретсем деген ойым бар, – дейді тәжірибе жинақтау курсына қатысып келген 20 жылдан аса тәжірибесі бар І ұстаз.
Аптаның соңғы күнінде 28 қатысушы 7 топқа бөлініп, әр топ әлеуметтік сұранысқа ие тақырыпта шағын жоба қорғаған. Курс соңында «StudyCS» ұйымының директоры Айна Досмахамбетқызы сертификат табыстап, жоба жеңімпаздарын ақшалай сыйақымен марапат­таған.
– «Информатика – жай ғана сабақ емес, информатика – әлемді бағындырады!» деген кредо Анар сынды басқа ұстаздарға үлгі болады деген ойдамыз. Білікті ұстаздың жетістігі үшін бәріміз қуанудамыз, – дейді әріптесі, №274 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжанат Тобылбаева.
Г.ӘМІРҚЫЗЫ
01 желтоқсан 2021 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031