» » Информатикадан халықаралық олимпиадада отандасымыз күміс медаль иеленді

Информатикадан халықаралық олимпиадада отандасымыз күміс медаль иеленді

Қазақстанның құрама командасы информатика бойынша халықаралық олимпиадаға (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.


IOI 2020 нәтижелері бойынша Өскемен қаласы "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің түлегі Байболов Темірлан күміс медаль жеңіп алды.

Биыл жарысқа 80-нен астам елдің оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәні бойынша республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірді.

Информатика бойынша халықаралық дода аясындағы интеллектуалды біріншілікте бүкіл әлемнің жас программистері жиналатынын айта кеткен жөн.

Аталған олимпиада күллі әлем бойынша ақпараттық технологиялар саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.



Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/250082-informatikadan-khalyqaralyq-olimpiadada-otandasymyz-kumis-medal-ielendi
© egemen.kz
25 қыркүйек 2020 ж. 795 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 235
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031