» » Қызылордалық 68 кәсіпкердің бизнес жобасы қайтарымсыз грантқа ие болды

Қызылордалық 68 кәсіпкердің бизнес жобасы қайтарымсыз грантқа ие болды



Елімізде кәсіпкерлікті дамыту – жаңа жұмыс орындарын құру мен бюджеттік кірісті ұлғайтудың басты көзі екені белгілі. Бұл бағытта «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің жаңашыл жобаларын қайтарымсыз жолмен қаржыландыру мақсатында 2013 жылдан бері конкурстық іріктеу өткізіліп келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бекішов өңірде жүзеге асырылатын жобалар туралы баяндады.
«Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ретінде – облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен 2021 жылы конкурстық іріктеу өткізу үшін бюджеттен 261 млн. теңге қарастырылды. Жалпы бөлінген қаржының 10 млн.теңгесі шағын кәсіпкерлерге қарастырылған болса, 250 млн. теңге 18-29 жас аралығындағы кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға бөлінді. Биылғы жылдың 6-8 қыркүйек аралығында кәсіпкерлердің бизнес-жобалары конкурстық комиссия қарауына ұсынылды. Осы орайда, 68 кәсіпкердің жобасы қайтарымсыз гранттармен қамтамасыз етілді», – деді Талғат Бекішов.
Конкурсқа ұсынылған бизнес-жобалар мемлекеттік гранттар беру қағидалары негізінде жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, бизнес-жобалардың негізгі үлесі – жеңіл өнеркәсіп салаларына бағытталған.
«Мемлекеттік гранттар беруге мақұлданған бизнес-жобаларының негізгі үлесі өнеркәсіп секторына тиесілі. Атап айтқанда, тамақ, киім өнімдері және құрылыс материалдарын шығаратын шағын цехтар үлесінде. Конкурстың комиссия шешімімен «Эко ыдыс-аяқ өндірісі», «Шеге өндірісі», «Резеңке аяқ-киім өндірісі», «Чипсы өндірісі», «Тент шығаратын цех», «Макулатура қабылдау пункті» секілді жаңадан іске қосылатын бірқатар жобалар қолдау тапты. Жаңадан ісін бастаған, әсіресе жас кәсіпкерлер үшін мемлекеттік гранттар беру айтарлықтай қолдау болады деп санаймын», – деді «Dalatex» компаниясының басшысы Ділмұхамед Абизов.



26 қараша 2021 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031