» » Мемлекеттік гранттар кімдерге беріледі?

Мемлекеттік гранттар кімдерге беріледі?



Естеріңізде болса, бұған дейін өңір тұрғындарының, оның ішінде кәсіпкерлерінің үлкен сұранысындағы "Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысты Басқарма тарапынан Өңірлік коммуникациялар орталығында брифинг өткізілген болатын.
Бұл тақырыпта жақында ғана фэйсбук әлеуметтік желісінің "Бизнес в Кызылорде и Кызылординской области" жалпыға қолжетімді тобында қызу талқылаулар болып, сұрақтар мен сыни пікірлер жазылды.
Біз үшін әлеуметтік желі пайдаланушыларының пікірлері маңызды екендігін атап өтіп, мемлекеттік гранттар беруге қатысты бұған дейін тұрақты жүргізілген түсіндірме жұмыстарының аясында жиі қойылатын сұрақтарға жауап берсек.
1. Инновациялық жоба дегенді қалай бағалайды?
"Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған сәттен бастап, мемлекеттік гранттар беруде жобалар үшін "инновация" сөзі "жаңашыл бизнес-идея" сөзімен алмастырылды.
"Жаңашыл бизнес-идея" дегеніміз - бұл нақты бір елді-мекенде немесе ауылдық округте бұрын өткізілмеген тауарларды шығару, қызметтерді көрсету, жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар.

2. Гранттар инновациялық жобаларға беріледі деп айтқанмен, шын мәнісінде мал шаруашылығы, бал арасы, тігін, монша, СТО қызметтері секілді жобаларға берілген, неліктен?
Мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес, жаңашыл бизнес-идеямен қатысу - халықтың әлеуметтік осал тобындағы азаматтарға, оның ішінде мүгедектер, көп балалы аналар, аз қамтылған отбасылар, оралмандарға міндеттелмеген.
Халықтың әлеуметтік осал тобындағы азаматтардың санаты "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында айқындалған.

3. Конкурстық іріктеу неліктен ашық емес?
Мемлекеттік гранттар беру конкурсы ашық түрде өткізіледі. Конкурс жөнінде алдын-ала өткізілетін күні, орны бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жария етіледі.
Сонымен бірге, конкурстың өткізілу барысымен әлеуметтік желі арқылы да ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

4. Грант алған кәсіпкерлер неліктен жария етілмейді?
Мемлекеттік грант беру конкурсының қорытындысы, жеңімпаз кәсіпкерлердің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарына, кәсіпкерлік және туризм басқармасының интернет ресурсына орналастырылады.
Сонымен бірге, конкурстық комиссияның жұмысшы органы ретінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы конкурстық комиссия төрағасы және оның орынбасарымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізеді.

5. Гранттарды басқа облыстардың кәсіпкерлеріне алуға болады ма?
Бағдарлама аясында мемлекеттік гранттар беру конкурсы еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын ұйымдастырылады, ол үшін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, әр өңірге бюджеттен қаржы қарастырылады.
Қызылорда облысына бөлінген қаражатқа осы облыс аумағында іске асырылатын жобалар ғана қаржыландырылады.

6. Конкурсқа құжат қабылданатын орынды, уақытты қайдан білеміз?
Мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеу туралы хабарландыру "Сыр бойы", Кызылординские вести" газеттерінде, Басқарманың фэйсбуктегі әлеуметтік парақшасында және gov.kz мемлекеттік органдардың интернет ресурсында жарияланады.

7. Грантқа бөлінген қаржының көлемі неге аз? Осы жылы Басым бөлігі жастарға берілген.
Жалпы жыл басында "Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беруге облысқа 81,025 млн. теңге бөлінді.
Кәсіпкерлердің бұл қолдау құралына деген жыл сайынғы сұранысын ескере отырып, қаражатты ұлғайту жөнінде облыстық және республикалық бюджеттік комиссияға ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде, елімізде жас кәсіпкерлерді қолдауға басымдық беріліп, қаржы тек жастардың жаңа бизнес-идеяларын қаржыландыруға бөлінді.
Алдағы уақытта, жас кәсіпкерлерден бөлек, шағын кәсіпкерлерді қаржыландыру үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлінген жағдайда жыл соңына дейін қосымша конкурстық іріктеуді өткізу қарастырылатын болады.

8. Берілген гранттардың дұрыс жұмсалғандығын, жобаның іске асырылған не асырылмағандығын кім және қашан тексереді?
Мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес, жобаларды іске асыруға 18 айдан аспайтын мерзім біріледі.
Бұл кезең ішінде Бағдарламаның қаржы агенттігі ретінде айқындалған "Даму" КДҚ" АҚ-мен мемлекеттік гранттардың мақсатты жұмсалуына, жасалынған келісім шартқа сәйкес алынған міндеттемелердің орындалуына мониторинг жұмыстары жасалынады.
Мониторинг нәтижесімен грант қаражатының мақсатсыз жұмсалғандығы немесе келісім шарт аясында алынған міндеттемелердің орындалмағаны анықталған жағдайда, кәсіпкермен жасалынған келісім шарт бұзылып, қаржыны сот арқылы бюджетке қайтару шаралары атқарылады.

02 тамыз 2021 ж. 615 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 092

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031