Топ-баннер
» » Қазақстанда ағаш экспортына тыйым салынды

Қазақстанда ағаш экспортына тыйым салынды

Қазақстанда ағаш материалдарының жекелеген түрлерін алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz


Қазақстанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №611 бұйрығымен отандық ағаш өңдеу кәсіпорындарын қолдау, ішкі нарықты шикізатпен толықтыру және Қазақстанның орман қорын сақтау үшін кейіннен мерзімін ұзарта отырып, ел аумағынан алты ай мерзімге ағаш материалдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінен тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге тыйым салу енгізу туралы шешім қабылданды.
Қазақстан аумағы аз орманды болып табылады(ел аумағының 11% орманмен жабылған (13,3 млн.га), оның 4,9% ормандылығы құрайды). Өңделмеген ағаш материалдарының Қазақстанға негізгі жеткізу Ресей Федерациясынан жүзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау ресейлік өңделмеген ағаш материалдарын (домалақ ағаш) Қазақстан аумағынан әкетуге де тыйым салады.
Бұйрықты қабылдау кезінде нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаудың барлық ережелері сақталды:
- Бұйрық жобасы сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылды;
- мүдделі органдар мен ұйымдарға келісу үшін жіберілді;
- аккредиттелген ұйымдармен келісілді;
- НҚА ашық порталында жарияланды;
- қоғамдық кеңестің оң қорытындысы алынды.




25 қараша 2021 ж. 677 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 457
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728