» » Сексен сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды

Сексен сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған азамат Ф.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ф. жолаушылар поездының вагонында полиция қызметкерінің жанындағы қызметтік иттің белгі беруімен, өзінің үстіне киген көк түсті курткасының алдынғы оң жақ қалтасынан төрт дана газет қйындысына оралған жасыл түсті ерекше хош иісі бар есірткі затын  заңсыз сақтап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Сотта сотталушы Ф. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін, алдағы уақытта мұндай әрекеттер жасамауға уәде беретінін көрсетіп, соттан жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Сот үкімімен сотталушы Ф. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 80 (сексен) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.  
Үкім заңды күшіне енген.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі



17 қараша 2021 ж. 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 197
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 840

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031