» » Балаларды вакциналау процесіне ата-аналар қатыса ала ма?

Балаларды вакциналау процесіне ата-аналар қатыса ала ма?

Алматыда жасөспірімдерді вакциналау кампаниясы басталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы төрағасының орынбасары Лаура Мырзағали айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



"Медициналық мекемелерде кәмілеттік жасқа толмаған балаларды вакциналаудың бірінші кезеңі басталды. Келер аптадан бастап мектептерде вакцина егуге дайынбыз.
Мектептермен бірігіп, үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінде қалада 12-18 жас аралығындағы 1 619 бала вакцина алуға келісіп отыр. Ата-ананың келісімі болмаса, біз хабарласып, сұрауымыз керек", - деді Лаура Мырзағали. 
Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшиннің айтуынша, ата-аналар вакцина салу процесіне қатыса алады. 
"Бұл өте маңызды іс-шара. Егер ата-аналар қатысуға ниет білдірсе, қатыса алады. Емханалардағы екпе салу пункттері демалыс күндері де жұмыс істейді. Болашақта мектептердегі медициналық пункттерде де солай болмақ", – деді ол. 
Естеріңізде болса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Pfizer вакцинасы Қазақстанға жеткізілді. 
12 қараша 2021 ж. 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930