» » Covid-19: қауіп сейілген жоқ

Covid-19: қауіп сейілген жоқ


Эпидемиологиялық ахуал бойынша соңғы күндері өңіріміз «жасыл аймақта». Дегенмен босаңсып кетпеуіміз қажет. «Covid-19» дертімен күресте алдыңғы шепте медицина саласының мамандарының еңбегі зор. Осы жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары карантиндік талаптарды қатаң ұстап, екпе алуға шақырды.
«Қазіргі күні облысымыздағы екпе алуға жататын тұрғындардың 83 пайыздан астамы вакцина қабылдаған. Ендігі кезекте осы көрсеткішті көбейтіп, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға атсалысуымыз қажет. Мен - өзім эндокринолог дәрігермін. Күнделікті науқастармен жұмыс жасап, түрлі іс-шаралар ұйымдастырамын. Сол себепті қауіпсіздігімді сақтап, айналамдағы адамдарға зияным тиіп кетпеу мәселесі өте өзекті. Сындарлы кезеңнен ауызбіршілікпен, тәртіпке бағынумен өтіп кетуге болатынына сенемін»,- деді №6 қалалық емхананың эндокринолог дәрігері Гүлжан Абсатова.
«Өткен жылдан бері әлем елдері коронавирус індетімен күресіп келеді. Өкінішке орай, қауіпті кеселді ауыздықтау әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр. Оның үстіне, қазіргі таңда әлемде вирустың мутацияланған жаңа түрлерінің де қауіптілігі аса жоғары болып отыр. Вирустың бұндай түрлерінің жұғу пайызы жоғары. Бұл дерттің алдын-алып, сақтанудың жалғыз жолы - вакцина салдыру. Екпе алу арқылы біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғай аламыз. «Сovid-19» пандемиясы кезінде вакцина алу өте маңызды. Бұл жұқпалы аурудың таралуын бәсеңдетеді»,- деді «Сенім» емханасының терапевт дәрігері Әйгерім Ғалымжанқызы.
11 қараша 2021 ж. 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031