» » Қызылордалық дәрігерлер босаңсуға әлі ерте екенін айтты

Қызылордалық дәрігерлер босаңсуға әлі ерте екенін айтты



Бүгінде Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал біршама тұрақталып келеді. Өңірлер бойынша Қызылорда облысы сары аймақта. Дегенмен босаңсуға әлі ерте дейді дәрігерлер. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында сала мамандары тұрғындарды екпе алып, індеттен сақ болуға шақырды.
«Әлі күнге дейін вакцинаның күшіне сенбейтін азаматтар арамызда бар. Екпеден бөлек, әр азамат күнделікті сақтық шараларын ұстанып жүру маңызды. Сындарлы кезеңнен ауызбіршілікпен, тәртіпке бағыну арқылы өтеміз. Сондықтан барлық жерлестерімді вакцина қабылдап, мамандардың кеңесіне құлақ асуға шақырамын. Өзімізге және жақынымызға жанашыр болайық», – деді облыстық психикалық денсаулық орталығының аға психологы Әсел Абдеш.
Брифингте облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы Абылай Пазылханов та өз пікірімен бөлісті.
«Қазір коронавирус індетімен күрес мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Аймағымызда кеселді дертке шалдыққандардың саны 17 мыңнан асып жығылады. Оның ішінде 16 мыңға жуығы ақ халаттылардың қажырлы еңбегінің арқасында дертінен айығып, жақындарының жанына оралды. Ендігі жерде бұл жұмыстарды үдетіп, тездетіп ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына септігімізді тигізуіміз керек», – деді дәрігер.

Өз кезегінде №4 қалалық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Ұлжан Болатова «Коронавирус инфекциясымен күресіп келе жатқанымызға бір жылдан аса уақыт өтті. Бұл дертпен күресу оңай болып жатқан жоқ», – деді.
Айта кетейік, қазір аймақтағы емдеу мекемелерінің басым көпшілігі инфекциялық стационарларда жұмыс істеп жатыр. Соңғы үлгідегі, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған модульдық аурухана да ел игілігіне пайдалануға беріліп, науқастарды қабылдауда.


18 қыркүйек 2021 ж. 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930