» » Дәрігер ыстық шайдың зияны туралы ескертті

Дәрігер ыстық шайдың зияны туралы ескертті

Медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог, гастроэнтеролог Маргарита Арзуманян тым ыстық шай денсаулыққа зиянды екенін ескертті.
Дәрігердің айтуынша, далада күн суық кезде ыстық шай ішсек жылынатындай боламыз. Бірақ, бұл – иллюзия. Егер сусынның температурасы тым жоғары болса, адам денсаулығына қауіп төндіреді.
"Ыстық сусын қатерлі ісіктің дамуына әкелуі мүмкін, өңеш пен көмей зақымдалуы мүмкін деген зерттеулер бар. Сондықтан қайнаған шайды сәл салқындатып ішкен дұрыс. Ең дұрысы шайды дене температурасымен бірдей немесе сәл ыстық –  40 градустан асырмай ішкен жөн", - деп ескертті Маргарита Арзуманян.
Оның айтуынша, шай қайнатқаннан кейін шамамен бес минут күту керек, содан кейін ғана ішуге болады.
Шайдың жылыну әсеріне келетін болсақ, бұл физикалық емес, психологиялық, деп санайды дәрігер.
"Шай ішкенде: ауыз температураны сезеді, бізге жылынғандай болып көрінеді, біз асқазандағы температураны сезбейміз. Бұл психологиялық әсер", - деді гастроэнтеролог.
Шайды пайдалы ету үшін дәрігер оған кептірілген жемістер, дәмдеуіштер мен шөптерді қосуға кеңес берді. Мысалы, тимьян, орегано, кептірілген алма, апельсин қабығы немесе даршын.
Бұған дейін медицина ғылымдарының кандидаты Анна Бабаликашвили коронавируспен ауырғаннан кейін қандай сусындарды ішуге болмайтынын айтқан болатын. Оның айтуынша, ұзақ уақыт бойы ащы кофе мен қара шайдан бас тарту керек.

11 қазан 2021 ж. 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031