» » Жолдау бағыттары – мәселеге шешім

Жолдау бағыттары – мәселеге шешім

Аудандық Әйелдер және Аналар кеңесі жұмысының негізгі бағыты – елімізде жүргізіліп жатқан отбасылық-демографиялық саясатқа қолдау көрсете отырып, отбасы институтын сақтау мен нығайтуға ықпал ету. Аналар кеңесі әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді жаңғыртуға қатысады. Әр түрлі іс-шаралар арқылы берекелі, тірлігі мықты әрі тату отбасыларды насихаттайды. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды түсіндіру бойынша жұмыстары өз алдына бір төбе.
Жуырда Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде аудандық Әйел-Аналар кеңестерінің мүшелері бас қосты. Кездесуде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы насихатталып, талқыланды. Елді мекендер мен Төретам кентіндегі кеңес мүшелері кездесуге Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты.
Кездесуді аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Гүлжауһар Раева ашып, жүргізіп отырды. Онда аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Тәжігүл Әбенова «Жолдаудың бағыттары – мәселеге шешім» тақырыбында баяндама жасады. Ол Жодаудағы тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету айрықша маңызға ие екеніне тоқталды. Мұнан соң аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ләззат Есханова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Шаһар Әлекеева, аудандық оқушылар үйінің директоры Индира Әбдібековалар денсаулық, әлеуметтік сала, білім беруге қатысты Жолдау­да көрсетілген мәселелерді талдады. Президенттің «Қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету басты міндеттердің бірі. Алайда қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алуда. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кез келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек. Осындай жағдайлар «мемлекеттен ала берсем» деген көзқарас қалыптастырады. Ал, көмекке шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр. Ең бастысы, әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады. Мұндай жағымсыз өмір салты ұрпақ тәрбиесіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады. Сондықтан, бізге түбегейлі өзгеріс керек» деген сөзінің жаны барын алға тартқан жиынға қатысушылар ұлт болашағын тәрбиелейтін аналардың сауатты болып, қоғамға мейіріммен қарауды насихаттауымыз керек деген тұжырымға келді. Аудандық орталық кітапханалар жүйесінің ди­ректоры Күлшара Қаниева мен аудандық «Қармақшы таңы» газеті бас редакторының орынбасары Гүлжанат Дүзеновалар Жолдауда көтерілген тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салып, руханият жанашырларына жасалған жағдайға, яғни, мәдениет қызметкерлерінің, оның ішінде кітапханашылардың жалақысы көбейетініне қуанғандарын жеткізді. Аналар өзара пікір алмасып, алдағы жос­парлары жайында әңгімелесті.
«Қт» ақпарат
09 қазан 2021 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031