Бірлігі мығым елдің – болашағы жарқын
Президент Жолдауы – жылдың ең маңызды құжаты. Себебі қазақстандықтардың өміріндегі өзекті мәселелері мен проблемалары Жолдауда толық қамтылады. Сол үшін жыл сайын қазақстандықтар Мемлекет басшысынан жақсы жаңалық, өзгеріс, тың бастамалар күтеді.
2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақтан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында әлемді алаңдатқан індетпен күресті тоқтатпай, одан әрі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақталуы үшін халықтың табысы мен жұмыс орындарының сақталуы жолында бірқатар шешімдер қабылдады.
Әсіресе, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 42500 теңгеден 60000 теңгеге дейін өсуі көптеген отандастарымыздың табысының артуына, жағдайын жақсартуға біршама септігі тигізері сөзсіз.
Мемлекеттік бағдарламалардың мерзімін ұзарту кәсіпкерлерге де үлкен қолдау болды.
Оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары 2022 жылға дейін жалғасуы шағын және орта бизнеске қарқынды ықпал ететін болады.
Білім, денсаулық, әлеуметтік мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.
2022 жылдан бастап 2025 жыл аралығында мәдениет қызметкерлері мен кітапханшы, мұрағатшы, қорықшы, техникалық қызметкерлердің және көлік жүргізушілерінің жалақысы кезең-кезеңімен артатын болды. Яғни осы санаттағы азаматтардың жалақылары жыл сайын 20 процентке артып отырады деген сөз.
Жолдаудан туындайтын барлық міндеттер мен бағдарламалардың негізгі мақсаты - халықтың әл-ауқатын көтеруге арналып отыр. Себебі, Президентіміз Қ.К.Тоқаев қашанда елмен бірге!
Жосалы кентінің әкімшілігі