Құрылтай
» » Қызылорда облысы әлемдегі қауын өсіретін 3 негізгі орталыққа кіреді

Қызылорда облысы әлемдегі қауын өсіретін 3 негізгі орталыққа кіреді



Кептірілген қауыннан жасалған қытырлақ ерекше дәмімен танымал. Қазірде халық арасында бұл өнімге сұраныс артып келеді. Сұраныс көбейсе нарыққа шығу мүмкіндігі де бар деген сөз. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жаралыстану институтының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов танымал өнімді өндірудің қыр-сырын және алдағы жоспарларын баяндады.
«Біздің мақсатымыз − өңіріміздегі көкөніс бақша шаруашылығын дамыту. Біздің облыс әлемдегі қауын өсіретін 3 негізгі орталыққа кіреді. Демек өңірде кездесе бермейтін қауын сорттарын пайдалануға мүмкіндік бар. Қауын қытырлағын белсенді шығарушы ел − Өзбекстан мемлекеті. Олармен біз тәжірибе алмаса отырып қауын қытырлағын шығарып жатырмыз. Бұл өнімді жасау үшін қауындарды арнайы пештерде кептіріп, ешқандай қоспасыз даярланады. Сондықтан бұл өнімге сұраныс жоғары. Өйткені толығымен табиғи өнім болып саналады. Күніге 10-20 қауыннан даярлаймыз. Яғни 10 килограмм қауыннан 1 килограмм қытырлақ қауын әзірленеді. Алда өнім санын көбейтіп нарыққа шығарсақ деген жоспарымыз бар», – деді Самалбек Оразбайұлы.



03 қазан 2021 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 445
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031