» » Тіл жанашырлары марапат төрінде

Тіл жанашырлары марапат төрінде

К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Белсенді ұйым – қазақ тілінің мәртебесін арттыруды жүзеге асырудың негізі» атты байқаудың қорытынды кеші өтті. Аталған жиынға ауданға қарасты бастауыш ұйымдардың төрағалары мен төрайымдары қатысты.
Негізінен ауданда филиалға қарасты 4000-нан аса мүше бар, 75 бас­тауыш ұйымы жұмыс істейді. Олардың барлығы ана тіліміздің төрден орын алуына өзіндік үлесін қосып жүрген ұлтжанды азаматтар. Тілдер мерекесі қарсаңында бастауыш ұйымдар арасында өткен байқауға әрбір мекеме белсенділік танытып, өз жұмыстарын ұсынды. Бұл жиын байқау нәтижесімен таныстырып, жеңімпаздарды мара­паттауға арналды. Жиында сөз алған аудандық филиалдың төрайымы Гүлжауһар Раева атқарылып жатқан жұмыстарды айта келе, тірлігі үлгілі бас­тауыш ұйымдарына алғысын жеткізді.
– Қыркүйек айы ұлттың ұлылығын танытатын іс-шаралармен толығуда. Бұл байқауды өткізудің басты мақсаты – қоғамда бастауыш ұйымдарының рөлін арттыру. Бастауыш ұйымдарындағы қайнаған тірлікті көрсете отырып, ұлттық тіліміздің абыройын көтеру. Біз бір-бірімізбен сабақтасып, бірімізден біріміз үйреніп, алға қарай ұмтылу керекпіз. Қарап отырсақ, осы «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігіне бірнеше адам басшылық етіпті. Олар өзінен кейінгі тіл жанашырларын тәрбиелеп қалдырған. Біздің де негізгі мақсатымыз – осы. Кез келген мәселе ойын бүкпесіз айта алатын, қажет кезде күресе де білетін қатарды қалыптастыруымыз керек, – деді Г.Раева.
Салтанатты жиын одан әрі жеңім­паздарды марапаттаумен жал­ғасты. Байқау нәтижесі бойынша ІІІ орынды «Жаңажол» ЖШС-нің ұйымдастырушы-программисі Серік Сапақов, №113 мектептен Жамал Ержанова, №279 мектептен Зарина Ниязбаевалар иеленсе, ІІ орынды №99 мектептен Жанар Өтепбергенова, №85 мектептен Гаухар Смағұлова,  аудандық ауруханадан Назерке Пірманова, ал І орынды №250 мектеп-лицейінен Гүлфайруз Болатқызы мен аудандық кітапханадан Бағия Сармолдина иеленді. Ал бас жүлдеге №183 мектептен Шынар Райымбаева лайық деп танылды. Жеңімпаздарға диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
28 қыркүйек 2021 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031