Медиация дегеніміз не?
Медиация дегеніміз, делдалдық ету, тараптарының өзара тиімді шешімге жету тәсілі болып келеді. Медиатор араздасушы екі жақ тараптармен жеке әңгімелесіп барынша әділетті және ұтымды амалдарды қолданады.
Медиаторға қойылған талаптарға келсек, онда Медиатор-тараптардың өзара келісімімен таңдалған, жоғары білімі бар, жасы жиырма беске толған, медиатор қызметін атқаруға келісімін берген тараптарға тәуелді және істің біту нәтижесіне мүдделі емес жеке тұлға. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті, оған теңестірілген, заңда белгіленген тәртіппен сот әрекеті шектеулі деп танылған, қылмыстық қудалаудағы, соттылығы алынбаған, өтелмеген адам медиатор бола алмайды.
Кім медиатор бола алады деген сұраққа келсек; «Медияция туралы» Заңда толық жауап береді. Медиатор қызметін кәсіби негізде атқаратын кәсіпқой медиатор және кәсіби емес негізде атқаратын қоғамдық медиаторлар. Ауылдық жерлерде кәсіби медиаторлар жоқ болғандықтан, медиацияны қоғамдық медиаторлар жасайды. Кәсіпқой емес медиаторлар тізімінде тұрған тұлғалар медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады. Медиатордың Заң оқуын бітіруі шарт емес. Әлбетте, кәсіби емес медиаторлардың тізімін ауыл, кент округтерінің әкімдері жүргізеді. Және оларға өмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар азаматтар тартылады. Медиатор мемлекеттік (немесе соған теңестірілген)жұмыста істемеуі керек, өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы тиіс. Егер, оған қатысты қылмыстық қудалау басталса, медиатор тізімінен шығарылады.
Медиация рәсімі азаматтық даулар бойынша шарт жасаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей аяқталуы тиіс. Қажет болған жағдайда, тараптардың өзара шешімі бойынша медиацияны жүргізу мерзімі тағы бір айға ұзартылуы мүмкін. Азаматтар дауды сотқа беріп қойған соң, қайтып алуға болмайды деп ойлайды. Медиацияның ерекшелігі сол, бәлкім ыңғайлылығы да болар— дауды соттың қарауында жатқанда да сұратып алып, медиаторлар шешіміне ұсынуға болады. Бұл бірімен- бірі соттасып жатыр деген жаман сөзден құтқаратын жол. «Медиация туралы» заң ережелерін жұртшылыққа насихаттау мақсатында Қармақшы аудандық соты тарапынан өткізіліп жатқан әр айдың соңғы аптасының дүйсенбі күнінде болатын «Ашық есік» күніне қатысып, медиатор туралы толық мәліметтерді алуға болады және де толғандырып жүрген сұрақтар бойынша толық мәлімет алуға болады.
Қармақшы аудандық сотының
Бас маманы С.Жалгасбаева