» » Отандық вакцинаның коронавирустың дельта штаммына тиімділігі дәлелденді

Отандық вакцинаның коронавирустың дельта штаммына тиімділігі дәлелденді

Қазақстандық мамандар "Qazvac" вакцинасы "дельта" штаммынан тиімді қорғайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

казвак

Мұндай нәтижелерді ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүргізген зерттеулер көрсетті. Ғалымдар бейтараптандыру реакциясына тест өткізді, нәтижесінде отандық "QazVac" вакцинасымен егілгендер антиденелердің жоғары деңгейін көрсетті. Вирусты бейтараптандыратын антиденелер клиникалық зерттеулерге қатысқан еріктілердің 90%-нан астамында анықталды.
Сондай-ақ зертханалық жануарларға тәжірибелер жүргізілді. QazVac вакцинациясынан кейін хомяктарда пайда болған антиденелер коронавирустың "үнді штаммын" бейтараптандыруға қабілетті екендігі анықталды.
"Біз QazVac вакцинасы құрған антиденелердің "ухань", "британдық альфа", "үнділік дельта" сияқты коронавирустың жаңа штамдарын бейтараптандыру қабілетін анықтау мақсатында зерттеу жүргіздік. Нәтижелер вакцинациядан кейінгі антиденелердің иммунитетті қалыптастыратынын және вирустың үш түрін де бейтараптандыруға қабілетті екенін көрсетті. Сондай-ақ біз зертханалық жануарларға тәжірибелер жүргіздік: "QazVac" вакцинасын алған және вакцинацияланбаған зертханалық хомяктарды алдық. Біраз уақыттан кейін оларға дельта штаммын жұқтырдық. Нәтижесінде вакцинацияланбаған хомяктар коронавирустың дельта штаммын жұқтырды. Ал "QazVac" вакцинасымен егілген жануарлар ауырмай, "дельта" вирусының штаммынан қорғалған болып шықты", – деп атап өтті ҚР БҒМ ҒК биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья.
Алынған мәліметтер "QazVac"-тың коронавирустың бар штамдарына қарсы тиімділігін, оның ішінде отандық вакцинаның дельта штаммынан қорғау қабілетін растады.
Айта кетейік, коронавирусына қарсы "QazVac" вакцинасын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген. 60 жылдан астам тарихы бар БҚПҒЗИ-да биологиялық қауіпсіздік, вирусология, микробиология, иммунология саласында жұмыс тәжірибесі мол. Институт ғалымдары препараттардың 60-тан астам түрін, соның ішінде 30 вакцинаны, 16 тест-жүйені және 15-тен астам түрлі биопрепараттар әзірледі.
24 қыркүйек 2021 ж. 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 368
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 141

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930