» » Қазақстанда қай мамандықтарды бітіргендер ең жоғары жалақы алады

Қазақстанда қай мамандықтарды бітіргендер ең жоғары жалақы алады

Қазақстанда ең көп жалақыны "әскери іс және қауіпсіздік" саласы бойынша оқуды аяқтаған түлектер алады. Сондай-ақ магистратура түлектері бакалавриат түлектерінен орта есеппен 35%-ға көп табыс табатыны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Зерттеулер білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 120 мың түлек туралы ақпараты негізінде жүргізілді. Ол 2018 жылы университеттердің рейтингтерін жасау үшін, сондай-ақ олардың талданып отырған кезеңдегі зейнетақы жарналарын ескере отырып жасалынды. 
Бакалаврлар арасындағы даярлау бағыттары бойынша ең көп жалақы "әскери іс және қауіпсіздік" саласы бойынша оқуды аяқтағандар арасында болды. Олардың жалақысы 2020 жылы орта есеппен 268,5 мың теңгені құрады. 
Бұдан басқа, "денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" бағыты бойынша түлектердің жалақысы салыстырмалы түрде жоғары – 207,9 мың теңге, сондай-ақ "техникалық ғылымдар мен технологиялар" бағыты бойынша – 200,9 мың теңге. Ең төменгі жалақы "ветеринария" түлектерінің арасында – 129,6 мың теңге, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" – 130,6 мың теңгені құрады. 
Бакалавриат түлектерінің арасында нақты мамандықтар бойынша ең жоғары жалақыны "ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану" бағытын бітірген түлектер алады – 1 млн теңгеден астам.
Сонымен қатар "мұнай-газ ісі" (338,4 мың теңге), "Теңіз техникасы және технологиялары" (298,7 мың), "тау-кен ісі" (276,1 мың), "геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау" (257,4 мың), "ақпараттық технологиялар жүйесі" (268,5 мың) мамандықтары бар.
Магистрлерге келетін болсақ, ең жоғары жалақыны – "іскерлік әкімшілік" (614,8 мың теңге), "қоғаммен байланыс" (500,7 мың теңге), "тау-кен ісі" (391,6 мың), "мұнай-газ ісі" (386 мың теңге), "есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" (374,7 мың теңге) салалары бойынша бітіргендер алады. 
Университеттер арасында Алматы қаласындағы ҚБТУ (415,6 мың теңге), КИМЭП (380,4 мың теңге), Азаматтық авиация академиясы (347,6 мың теңге), ХАТУ (327,8 мың теңге), сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының қаржы академиясының (325,4 мың теңге) түлектері жалақы деңгейі бойынша көшбасшы болып тұр. 
"Түлектердің жалпы санынан 105,4 мың адам бакалавриатты, оның ішінде 77,5 мыңы – күндізгі оқу нысанын, 13,8 мыңы – магистратураны, 858 адам – резидентураны және докторантураны аяқтады. Ағымдағы жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша түлектердің жалпы санынан 286 адам көз жұмды, ал 773-і Қазақстаннан кеткен", – дейді департамент директоры Дмитрий Шумеков.
Ол оқушылардың көпшілігі бітіру кезінде жұмыс істеп үлгергенін атап өтті. Мәселен, 2016 жылы бакалавриатты бітіруі керек түлектердің 44,3 мыңында (42%) зейнетақы жарналары болған. Ал магистрлер арасында 8,8 мың адамда (63,8%) аударымдар болды.
"Осылайша, 53,7 мың адамда (44,8%) оқу аяқталардан бір жыл бұрын ресми жұмыс тәжірибесі болды. 2017 жылы бұл сан 78,4 мың адамға (65,3%), ал 2018 жылы 87,8 мың адамға (73%) дейін өсті. 2017-2020 жылдары 104,9 мың адамда немесе түлектердің 87% - ында оқу аяқталғаннан кейін кемінде бір рет ресми зейнетақы аударымдары болған", – деді Дмитрий Шумеков.
Мәселен, 2017 жылғы түлектердің цензураланған іріктемесінің зейнетақы аударымдарына жүргізілген талдау (жылдық орташа жалақы есебінен ең жоғары және ең төменгі көлемі бар түлектердің 5%-ы алып тасталды) жалақының ең жоғары өсімі PhD докторантурасын аяқтаған түлектерде екенін көрсетті. 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде оның мәні 2,5 есе өсті.
Сырттай оқитын бакалавриат түлектерінің орташа жалақысы 1,7 есеге өсті, ал күндізгі оқу түрін аяқтаған бакалаврлар үшін ол 2 есеге өсті, ал магистрлердің жалақысы 1,8 есе өсті.
Абсолютті мәндерде 2020 жылы докторантура бітірушілердің орташа табысы 330,3 мың теңгені, күндізгі оқу нысанында магистратураны аяқтағандардікі– 227,7 мың теңгені және сырттай оқуды аяқтағандардікі – 579,3 мың теңгені, бакалавриатта – 165,1 мың теңгені және сырттай оқитындарда – 187,9 мың теңгені құрады.
"Осылайша, оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл өткен соң магистрлердің жалақысы күндізгі және сырттай оқу нысанына бөлінбестен орта есеппен 230,5 мың теңгені құрайды, бұл бакалавриат түлектері арасындағы ұқсас көрсеткіштен 35%-ға жоғары. Докторантура түлектерінің жалақысы 336,5 мың теңгені құрайды. Бұл бакалаврларға қарағанда 97%-ға (170,8 мың теңге) және магистрлерге қарағанда 46%-ға жоғары", – деп хабарлады талдаушы.
20 қыркүйек 2021 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031