» » Қызылордада «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары марапатталды




Бүгін қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, елмен етене жүріп, мұқтаж жандарға көмек қолын созған дархан пейіл, кең жүректі қызылордалықтарды «Жомарт жүрек» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша марапаттады.
Игілікті іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.
«Жомарт жандар қаламыздың көркеюіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып қана қоймай, әлемді шарпыған пандемия кезеңінде де жомарттық пен елжандылықтың жоғарғы үлгісін көрсетті. Қолында барын халықтың игілігіне жұмсап, ізгі іске атсалысқан рухы биік жандарға қала тұрғындарының атынан шынайы алғысымды білдіремін», – деді қала әкімінің орынбасары.
«Жомарт жүрек» сыйлығы 5 номинация бойынша табысталды.
Байқаудың «Жыл меценаты» номинациясы карантин уақытында да қайырлы ісін жалғастырған «Сыбаға» ЖШС директоры Ляйла Ризвановаға табысталса, «Туған өлке» номинациясымен ауылдың абаттануына ерекше үлес қосқан «Бақ-Береке-2030» ЖШС бас директоры, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Ерназаров марапатталды. «Жыл тұлғасы» номинациясымен жыл көлемінде қаламыздың әлеуметтік саласына тұрақты түрде қолдау көрсеткен «Абай» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Нұрсаитов, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәкен Алдашбаев, «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы «Қамқорлық» дағдарыс орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетовке табысталды.




13 қыркүйек 2021 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 397
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728