» » Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Мониторинг жұмыстары жүргізілді



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қызмет Істері Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі ретінде Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөліміне, жұмыспен қамту орталығына, Қармақшы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына мониторинг жүргіздім. Қызмет алушы тұлғалармен пікір алмасым қандай да бір кемшіліктердің орын алмай жатқандығын сұрадым. Тұрғындар тарапынан шағым болған жоқ.
Ғимарат орналасқан аймақта мүгедек адамдар үшін қолайлы жағдай жасалған. Мүгедек адамның ғимаратқа еркін-кіріп шығуы үшін мүгедектерге арналған шақыру тетігі, пандус, сары жолақ, брайл әрпіндегі ақпараттық тайшалар стандартқа сай жабдықталған. Ғимарат ішінде мүгедек жандардың кедергісіз жүріп-тұруына сай сары жолақтар белгіленген, мүгедек жандарға арналған арнайы орын да қарастырылған.
Кіре берісте азаматтарды қабылдауға арнайы маман бөлінген. Сырттан мүгедек жандарға арналған коңыраудың соғылғанын, келіп-кетушілерді бөлім мамандарына жіберу сол жұмысшының міндеті болып бекітілген. Келгендермен амандасып, сыпайылық танытып, жол нұсқауда.
Ғимарат ішінде әлеуметтік арақашықтық сақталған. Азаматтар отыратын орындар қызыл лентамен белгіленіп, іштегі қызметкерлер мен қызмет алушылар маскамен қамтамасыз етілген. Ковид туралы, оның сақтандыру жолдары туралы ақпараттар ілінген. Антисептикалық құрал-жабдықтар қоры жеткілікті. Бөлімнің жұмыс жасау кестесі мен келгендерді қабылдау уақыты бар, тақта тиісті жерге ілінген.
Мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғалардың өзекті телефондары кіре-беріске ілінген, бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар да тиісті жерге ілінген. «Электрондық үкімет» веб-порталында көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында өзекті ақпараттар бар. Президент Қ.Тоқаевтың «Халыққа құлақ асатын Үкімет» қағидасы өз деңгейінде орындалатынына сенемін.
10 қыркүйек 2021 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 382

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930