» » Мектепте хиджаб киюге бола ма – дін комитетінің жауабы

Мектепте хиджаб киюге бола ма – дін комитетінің жауабы



Мемлекеттік мектепте де, жеке білім беру ордасында да хиджаб кию ел заңына қайшы. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлімдеді. 
«2016 жылы мектеп формасына қатысты білім министрінің бұйрығы шықты. Оған сәйкес, стандарт бекітілген. Азаматтар осы ережені, жалпы заңдарды сақтауға тиіс», – деді Нүкежанов.
«Мемлекеттік мектепте де, жеке білім беру ордасында да хиджаб кию ел заңына қайшы. Стандарттар барлық мектепке қатысты. Талап орындалмаған жағдай болса, өңірдегі білім басқармасы, комитет немесе министрлікке жүгіну керек», – деді комитет басшысы.
Ол Конституцияда Қазақстан зайырлы мемлекет екені жазылғанын атап өтті. Мектепке баратындар білім және ғылым министрі бұйрығын, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң мен Конституцияны сақтауға міндетті. 



08 қыркүйек 2021 ж. 1 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930