» » «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде


Халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және оның жолын кесу мақсатында аудан көлемінде 2021 жылғы 1 қыркүйек – 1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Өткізілетін кезең ішінде учаскелік полиция инспекторлары санитарлық талаптарды сақтай отырып, өздеріне бекітілген әкімшілік учаскесіндегі тұрғындармен танысу, сондай-ақ, әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды анықтау мақсатында аула және көп қабатты үйлерді тексереді. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Іс-шара барысында жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, базарлар мен өзге сауда жасау орындары, қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу мен қадағалаусыз қалу фактілерін жою мақсатында жастар және кәмелетке толмағандар көп шоғырланатын жерлер тексерілетін болады.
Сонымен қатар, саяжай алқаптары, құрылыс объектілері, оның ішінде тоқтатылған және тасталған объектілер, шатырлар, жертөлелер, канализациялық құдықтар мен өзге де орындар тексеріледі.
Ауылдық жерлерде учаскелік полиция инспекторлары қыстақтар мен шаруа қожалықтарын тексеріп, тұрғылықты мекенжайлары жоқ адамдарды, заңсыз жұмыс күшін пайдалану, шетелдік азаматтардың көші-қон ережесін бұзу, тіркелмеген қарулар мен тыйым салынған заттарды сақтау фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді.

06 қыркүйек 2021 ж. 738 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 739
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 100

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031