» » Халық санағын сылтау еткен алаяқтар үй-үйді аралап жүр: Ұлттық статистика бюросы ескертеді

Халық санағын сылтау еткен алаяқтар үй-үйді аралап жүр: Ұлттық статистика бюросы ескертеді

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: ақ көйлек киіп, қолдарына көк сөмке мен куәлік ұстаған азаматтар тұрғындардың үйлеріне келіп, өздерін әкімдік өкілі етіп таныстырады және халық санағын жүргізіп жатқанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

халык санагы

Ұлттық статистика бюросы бұл адамдардың санаққа ешқандай қатысы жоқ екенін ескертті.
"Санақ жүргізушінің қолында мөрмен куәландырылған тиісті сертификаты, сондай-ақ көк орамал мен 2021 жылғы халық санағының белгілері бар портфель болады. Сонымен қатар сертификатта тіркеу нөмірі болады, оның көмегімен sanaq.gov.kz сайтындағы арнайы іздеу жолына нөмірді енгізу арқылы санақ алушы туралы бүкіл ақпаратты табуға болады", – деп хабарлады олар.
Сондай-ақ респондент 1446 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы санақ алушының жеке басын тексере алады.
Еске сала отырайық, қазақстандықтардың 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz мамандандырылған веб-сайтында барлық санақ сұрақтарына онлайн түрде жауап беруге мүмкіншілігі бар.
05 қыркүйек 2021 ж. 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 529
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031