» » Ауылыңда қарт болса – жазып қойған хатпен тең

Ауылыңда қарт болса – жазып қойған хатпен тең

Қаршыға ЕСДӘУЛЕТОВ,
аудандық ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы

ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДАМУЫНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨЗІНДІК ОРНЫ БАР. БҰҒАН ЕЛІМІЗ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢНЕН БАСТАП МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН МӘН БЕРІЛІП КЕЛЕДІ. АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ – АУДАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ӨМІРІНДЕ ӨЗІНДІК ОРЫН АЛА ОТЫРЫП, МӘДЕНИ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА, ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ, ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛЫПТЫ АХУАЛ МЕН ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ЫНТЫМАҚТЫ ТІРЛІГІН, ЖАРАСЫМДЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КҮНДЕЛІКТІ ІС ҚИМЫЛЫМЕН ТАНЫЛА БАСТАДЫ. АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ 2007 ЖЫЛДАН БЕРІ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ РЕТІНДЕ ТІРКЕЛІП, ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ.
Десе де уақыт көрсетіп отырғандай ауданда туындап отырған қоғамдық проблемаларды билікпен бірлесе отырып шешуде, әсіресе түрлі мәдени шаралар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастыруда біршама жұмыстар жүргізуге мүм­кін­діктер туып отыр.
Мен барлық кент, ауыл округтеріндегі аудан ардагерлер кеңесінің бастауыш ұйымдарда есеп беру сайлау жиналыс­тарында аймақ басшылығына, аудан басшылығына деген халықтың жоғары ықыласын, сенімін байқадым.
Бүгінгі таңда ауданда Байқоңыр қаласын қоспағанда 61 ардагерлер бас­тауыш ұйымдары жұмыс істейді. Одан 3886 ардагер есепте тұрады, оның ішінде 482 тыл ардагері. Оның 35-і Ауғанстан соғысына қатынасқандар, 38-і Невада-­Семей апат аймағында қызмет жасағандар. Жосалы кентінде 31 ардагер кеңесі бастауыш ұйымдарында 1439 ардагер есепте тұрады. Аудан бойынша 488 Батыр ана, 926 Күміс алқа иегері бар. Оның ішінде 2021 жылы 9 ана алтын, 37 ана күміс алқа алды.
Ардагерлердің 15,7% немесе 682 ардагер төменгі зейнетақы, 74,0% немесе 3108 ардагер орташа, 13,2% немесе 454 ардагер жоғары зейнетақы алатындар.
Жалпы есеп беру сайлау жиналыс­та ауыл әкімдері мен шаруашылық басшыларының қатысуымен тартымды ұсыныс, пікір атқарылған жұмысқа қанағаттанарлық баға бере отырып, келешекте оданда жоғары жауапты жұмыстар тапсырылады.
Көмекбаев, Алдашбай ахун, Тұр­мағамбет, Ақжар, Төребай би елді мекендерінде бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары өз өтініштері бойынша босатылды, ауылдық бастауыш ардагерлер үйінің төрағалығына ауылдық округ әкімінің келісімі бойынша ашық дауыста жаңа төрағалар сайланды.
Сайланған төрағалардың 2-еуі 81 жаста, 22 төраға 71-79 жас аралығында және 28 төраға 63-69 жас аралығында.
Басым көпшілігі сол шаруа­шылықтағы ұжымда абыройлы қызмет жасаған. Қоғамдық саяси өмірге бай тәжірибе жинаған азамат, азаматшалар.
Осындай істің басында тұрған, барша ардагерді ортақ іске жұмылдырып отыратын, өзі де жеке басындағы қадір-қасиетімен үлгі бола білетін ұжымдардағы ардагерлер кеңесінің төрағалары екендігінде күмән жоқ.
Мұхтар Таңбаев, Есет Назарқұлов, Талмаш Жұмабаева, Жақсылық Қыпшақбаев, Бақытбек Тәуекелов, Ерболат Ұзақбаев, Ешмағамбет Дүйсенбаев тағы басқа көптің алдында абыройға бөленіп жүрген төраға, төрайымдардың баста­уыш ұйымдарында әр кез ардагерлердің ортақ іске деген ұйымшыл жұмысы байқалады.
Бұрынғы мекемесі тарап кеткен «ПМК-30», «ПМК-2», «Автобаза», темір жол саласында қызмет еткен ардагерлер­дің басы біріктіріліп, ортақ төраға сайланып, ұйымшылдықпен жұмыс жасауда.
Кейбір ұжымдар тарапынан ардагерлер бастауыш ұйымдарына көңіл бөліне бастады. Қармақшы, Т.Көмекбаев, Иіркөл, Тұрмағанбет, Жаңажол ауылдары, аудандық аурухана, №30 мектеп, №250 мектеп, №105 мектеп, №26 мектеп, аудандық ішкі істер бөлімі және аудандық балабақшалар, Жосалы кенті ардагерлер ұйымына арнайы бөлме, ОРГ техникамен қамтамасыз етілді. Жекелеген ардагерлер бастауыш ұйымдарына жұмыс орнына кабинет бөлінді. Байланыс телефондары қойылды.
Есепке алынбай келген ардагерлер саны нақтыланып әр ардагерге әлеуметтік карта жасалып, компьютерге енгізілді.
Бұл жұмыс одан әрі жалғасын табуда. 86 адам түрлі арыз- шағым өтініштерімен келді.
Басты өтініш санаторияға жолдама, жарықтың линиясын тартуға, көшеге асфальт жүргізуге, аудан орталығынан Қызылорда қаласына қатынайтын автобустың жоқтығы, Қызылорда қа­ласына қатынайтын таксилердің ба­ғасының қымбатшылығы, көршісімен жер дауы, басқа да өтініштерін жауапты органдарға жазып, бақылауда болып, толық қанағаттанарлық жауап алынды. Өтініш білдірген ардагерлер ризашылығын, батасын беріп кетті. Денсаулығына байланысты квота ала алмай жүрген бірнеше ардагердің өтініші қанағаттандырылды, көмек бе­рілді.
Конференция аралығында 6 пленум оның ішінде биыл соңғы 6 айда 1 пленум, 7 рет алқа мәжілісі, 2 семинар кеңесі өткізілді. Онда алқа мүшелерінің қатысуымен өзекті мәселелер талқы­ланып тиісті шешім, қаулылар қа­былданды. Сонымен қатар қазіргі бүкіл әлемде жайлаған діни экстремизм, радикализм мен терроризмнің алдын алу жөнінде тұрғындардың, жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында барлық елді мекенде кездесулер өткізілді.
Аудандық ардагерлер кеңесінің тұ­рақты 5 комиссиялары жұмыс жасады.
ҚР-ның заңдарымен берілген же­ңілдіктері мен кепілдіктеріне байланысты ардагерлердің, зейнеткерлердің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларына қарау, құқықтық жағынан қорғау, тұрмысы төмен ардагерлерге және жалғызбастыларға көмектесті.
Ардагерлердің денсаулығын жақсар­ту, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, шипажайларда сауықтыру, емделу мәселелерін тиісті орындармен бірлесіп шешілді.
Ардагерлердің бай өмірлік кәсіби тәжірибесін жастар тәрбиесінде пайдалану, жастарды рухани адамгершілікке, имандылыққа, отансүйгіштікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу және үкіметтік емес ұйымдардың есебін алып, олармен жан-жақты жұмыстарын ұйымдастырды.
Ардагерлердің белсенділігін арттыруда, олардың өнерге, спортқа деген қабілеттілігін дамытуда, ардагерлердің өмір жолдарын жастарға үлгі, өнеге тұтуда, ардагерлерді мәдени көпшілік жұмыстарға, спорттық шараларға тартуды ұйымдастырды.
Ұйымдастыру-әдістемелік комиссия ауданда жұмыс жасаған көне тарих ардагерлердің өмірбаяндарын зерт­теп, арнаулы кітап етіп шығаруды ұйымдастыру және олардың өмір ­тәжірибелерін зерделеп, іс-тә­жі­ри­беле­рін үйлестіріп, әдістемелік іс-тәжірибелі жұмыс ұйымдастырылып, «Қармақшы таңы», «Бәйтерек» газет­тері арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында жария­лау жұмыстарын жүргізіп отырды.
Облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен 3 ардагер, ҚР Ардагерлер ұйымының Құрмет грамотасымен 3 ардагер, республикалық Ардагерлер кеңесінің Құттықтау хатымен 8 ардагер, облыстық Ардагерлер Кеңесінің Құрмет грамотасымен 5 ардагер, об­лыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсебаевтың Алғыс хатымен 6 ардагер, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен 12 ардагер марапатталған.
Осындай ықпалы болған жұмыстың бірі жыл сайын қазан айының 1 жұлдызында Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен өткізіліп келген Қарттар мен мүгедектер күнін әрбір ардагерлері бар ұжымдар атап өтуді нақты жолға қоюы.
Нәтижесінде «Ардагерлер күнін атап өтудің қорытындысы және оны алдағы кезеңдерде жетілдіре түсу жолдары» тақырыбында кеңес өткізілді.
Соның нәтижесінде қарттар күнін атап өтуге ұжым басшылары тарапынан бүгінгі күні оң көзқарас қалыптасты.
Ардагерлер ұйымының жұмыс жасауы көп жағдайда сол ұйым орналасқан жердегі әкімдерге, мекеме, шаруашылық басшыларына тікелей байланысты. Оны аралап көргенде көзіміз жете түсті.
Жоқтан бар жасап жатқан істерді көрдік. Олардың қатарында аудандық ішкі істер бөлімі, Тұрмағамбет, Жаңажол, Ақжар, Ақтөбе, III Интернационал, №30 мектеп, №26 мектеп, Ақай ауылы әкімі аппаратының ардагерлерге қамқорлығы айтуға тұрарлық.
Осындай қамқорлықтарды басқа да мекеме басшылары келешекте ұйымдастырар деген сенімдемін.
Ардагерлерге құрмет көрсету, оларды ұлықтау мен ұлағаттау жұмыстары ардагерлерді әлеуметтік материалдық жағынан қолдау көрсетіліп келеді.
2020-2021 жылғы әлемді жайлаған індетке байланысты көптеген өткізілуге тиісті шаралар онлайн өткізіліп, көбі тоқтатылып тұр.
Аудан шаруашылықтары 2007 жылдан бері Жосалы кенті орталығында тұратын ардагерлерді жыл сайын өзіндік құнынан төмендетілген арзан бағадағы жоңышқа және пішен шөбімен қамтамасыз ету тұрақты дәстүрге айналуда. Биылғы жылы бүкіл елді жайлаған куаңшылық пресс шөптердің сыртқа кетуіне байланысты бағалары қымбаттап, жылдағыдан көп мөлшерде аз бөлініп отыр. Ардагерлеріміздің ел арасындағы басты ұстанымы:
1. Өсетін елдің арманы көп, өшетін елдің жанжалы көп.
2. Мәңгі ел болуды ойлайық.
3. Ел ағалары бас басымызға би болмай елдің береке бірлігін сақтау.
4. Бір аймақ, бір облыс басшылары.
5. Біз ардагерлер – насихаттаушылармыз.
6. Аумақ басшысы, аудан басшысы ұстанымын елге насихаттау басты міндетіміз.
«Жаңажол» ЖШС төрағасы Орынбасар Төлеповке, «Тұрмағамбет» ЖШС төрағасы Нұржан Пірмантаевқа, «Ораз ахун ЛТД» ЖШС төрағасы ­Жомарт Жалғасбаевқа, «Ақтөбе и К» ЖШС төрағасы Нұрлан Іздібаевқа, «Достық жер МК» ЖШС төрағасы Мұрат Сәрсенбаевқа ардагер ақсақал ағалардың атынан жасап жатқан қамқорлықтарына шексіз алғысымызды білдіре отырып, ардагерлердің атынан отбасына береке-бірлік, шаруашылығына мол табыс тілеймін. Аудан ардагерлер қо­ға­­мы 75, 80 жасқа келген ардагерлерді құттықтау марапаттау ұйымдастырып тұрады. Осы уақытқа дейін
Облыстағы жалғыз «Ардагер айнасы» газеті айына екі рет шығады. Ел бірлігі, жұрт тірлігі намысты қорламайтын, обал мен сауапты әркез биік қоятын, құнды-құнды мақала, «Қанатты сөздер», «Ел аузынан», «Есімі ел есінде», «Ғибратты ғұмыр» секілді айдар арқылы қызықты мақалалар мен әңгімелер жариялап келеді.
Құрметті ардагерлер!
Біз бүгін жастарымыздың алдын­дағы аға ұрпақтың басты да негізгі міндеттерінің бірі оларға жан-жақты тәлім тәрбие беру.
Олардың бойына елін сүюге, еңбекке құрметпен қарауға бағытталған өнегелі істерін көрсете отырып, осындай құнды қымбат қасиеттерді жастардың бойына сіңіріп отыру кезек күттірмес міндеттер. Бұл өмір талабы. Әсіресе бүгінгі таңда аса қажет.
Бұрынғы жастарымыздың басым көпшілігі отбасындағы үлкендерінің әңгімелерін естіп өсті. Әжесінің айтқан ертегілері мен аталарының айтқан өнегелі сөздері олардың өмірінде аса құнды рухани қазына болды.
Сол арқылы елін жауынан қорғауды, жерін алтын бесігім деуді, отанын ортақ үйіміз деп қастерлеуді, еңбектің қадір қасиетін бағалай білетін ұрпақтарды елестетеміз. Ол солай да болған.
Аудандық ардагерлер ұйымы ұйым­дастыруымен екі рет мәдениет үйінде кент тұрғындарымен кездесу өткізілді.
1. Көркейту көгалдандыру, «тазалық тәртіп мәселесі» қаралды.
Бұған кент орталығында барлық құқық қорғау органдары, көше комитеті, ел ағалары, ардагерлердің қатысуымен үлкен жиын болды. Ел алдында сол кездегі аудан әкімі ардагерлер алдында есеп берді.
2. Кент орталығындағы жастар арасындағы екі жақ болып шатасуға байланысты аудан бойынша құқық қорғау орган басшыларының қатынасуымен үлкен жиын өтті.
Осы жиын өтуін ұйымдастырып мұрындық болған аудан ардагерлер кеңесінің басшылығы. Құзырлы орган басшылары шығып сөйлеп, өз ойларын ортаға салып болдырмау жолына тиісті іс-шараларды қабылдады.
Жақында ардагерлер үйінде аудан ардагерлерімен аудан әкімшілігі, мекеме басшылары, қазіргі індетке байланысты денсаулық саласының басшыларының қатысуымен аудандағы ең өзекті деген мәселелер: тәртіп, тазалық, аяқ су, індетке байланысты вакцинаның маңызы жөнінде үлкен жиын өтіп, тиісті қаулылар қабылданып, құзырлы органдарға жолданды, орындалуы бақылануда. Жосалы кентіндегі жасөспірімдер арасындағы қылмыс және қоғамдық тәртіптің сақталуы тақырыбындағы қоғамдық жиынға аудандағы барлық құқық қорғау органдары мекеме басшылары өз ойларын ортаға салды.
Жастардың бойына еңбекті құрметтеу, еңбек сүйгіштік қасиеттерді санасына сіңіру мақсатында қатардағы қарапайым жұмыстан еңбек жолын бас­тап сол ұжымның басшысы дәрежесіне дейін көтерілген шаруашылықтың мекемелердің басшылары, бүгінгі күні өмір жолдары тек жастарға ғана емес бүкіл аудан тұрғындарына мақтан тұта жүрген ардагерлеріміз Есет Назарқұлов, Орынбасар Сариев, Тұрман Омаров, Әбдібек Лақбаев, Ерболат Ұзақбаев, Амангелді Ақжігітов, Шынар Махмутова, Шәкім Ашабаев ағамыз сияқты, алғаш еңбек жолын бастаған сол ұжымда зейнетке шыққанша жалғастырып үлкен құрметке бөленген ардагерлердің өмір жолдары жастарға насихатталуда.
Соның ішінде атадан балаға жалғасын тауып келе жатқан еңбектің, кәсіптің, өнердің түрлерінің алар орны ерекше. Бұл сол әулет үшін де ең бір қастерлі ұғым.
Оған ауданда өткізген «Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі» деген тақырыптағы шарада көзіміз жете түсті. Оған бұрын түрлі салада абыройлы еңбек етіп құрметке бөленген және ұрпағын өзінің кәсібіне тәрбиелеген онға жуық ардагерлерді өздерін ұрпақтарымен қатыстыра өткізілді.
Олардың құрамында ұстаздар, дәрігерлер, орманшылар, спорт майталмандары, түрлі саладағы ардагерлер қамтылды.
Әсіресе аудандағы жырау жыршылық өнер жолындағы атадан балаға мирас болып келе жатқан өнер династиясының өкілдері ерекше аталып өтті.
Бұл аталған шаралардың барлығы бүгінгі ортамыздағы қадірменді ар­дагерлеріміздің бойындағы қадір қа­сиеттерін өскелең жас ұрпақтардың бо­йына егу.
Сол арқылы оларды елін, жерін, ота­нын сүюге тәрбиелеу. Кәсіптің белгілі бір түрін атадан балаға мирас етіп келе жатқандарға құрмет үстіне құрмет көрсетіп, оны басқа да жастарға үлгі ету.
Жалпы, ардагерлермен жұмыс қай сала болмасын, басшылардың жұ­мыстарының күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Қазақтың «Қайық білмегенін кемеден сұрайды, халық білмегенін кө­неден сұрайды» деген аталы сөзі тегін айтылмаған.
Үлкеннің жолы, ағалық ақылы – қа­зынамыз. Көргені мен көрегендігі көп ақсақалдарымызды ардақтау – біле біл­сек – парызымыз.
Әрине, көпті көрген көнекөздермен, ардагерлермен жұмыс істеу оңай шаруа емес. Олар болмашыға кінәмшіл. Жылы сөйлегенді ұнатады. Атаңа не істесең – алдыңа сол келеді. Бұл қызметтің түп тамыры осында жатыр.
Сондай-ақ, ардагерлердің өздерін де белсенді жұмыстар жасауға шақырамын. Жұмыстың үлкен-кішісі болмайды.
Сіздер әр іске үлкен жауапкершілікпен қарауға үйренген, буынсыздар. «Жас­тар­ға ақыл айту – қарыз, өнеге беру – парыз, тәжірибе үйрету – міндет» деген.
Кейінгіге өнегелі жол көрсетуге, қоғамды өркениет өріне сүйреуге, ел­ байлығын арттыруға, жастарды­ тәрбиелеуге, түптеп келгенде мем­лекеттің ортақ мүддесін қаласуға қосар үлестеріңіз арта түседі деп сенемін.
Алдымызда атқарылар істер әлі де болса көп. Ауданның ардагерлер ұйымы өзінің бар ұйымдастырушылық жұмыстарын ұрпақтар жалғастығы мен бірлігіне сүйене отырып, ауданымыздың жаңа мақсаттарға жетуіне өз үлесін қоса береді.
14 тамыз 2021 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031