» » Қой мен жылқыларды сақтандыруды мемлекет субсидиялайды

Қой мен жылқыларды сақтандыруды мемлекет субсидиялайды



Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры агроөнеркәсіп саласындағы сақтандыру операторы қызметін жалғастыруда. Қор бұған дейін егіс алқаптарын құрғақшылық пен ылғалдың артық болуы салдарынан және ірі қара малды түрлі қауіп-қатерлерден сақтандырып келді. Енді бұл қатарға қой мен жылқыны да сақтандыру өнімі қосылды.

Мал шаруашылығындағы жаңа сақтандыру өнімдері бекітілді.
Сақтандыру сыйақысының бір бөлігін мемлекет субсидиялайды:
1. Ұсақ малды сақтандыру (қалыпты түрі);
2. Ұсақ малды сақтандыру (кеңейтілген түрі);
3. Жылқыны сақтандыру (қалыпты түрі);
4. Жылқыны сақтандыру (кеңейтілген түрі).

2020 жылдан бері мал шаруашылығында тек сиырларды түрлі тәуекелдерден сақтандыру жұмысы атқарылып келген болатын. Нарыққа ұсақ мал мен жылқыларды толық сақтандыруды қамтамасыз ететін жаңа өнімдер енгізілді. Оған барлық ықтимал тәуекелдер кіреді және салыстырмалы түрде құны да төмен.

Мал аурудан, өрттен, жазатайым оқиғалардан өлсе және ұрылар сойып алса, жоғалып кетсе сақтандыру арқылы шығынды өтеп алуға болатын механизм ұсынылады.

Малды қалыпты түрде сақтандыру аясында фермер малын өз шаруашылығының аумағында ғана түрлі тәуекелдерден сақтандыра алады. Сақтандырудың кеңейтілген түрі форматында фермер малын 5 км радиуста орналасқан көрші шаруашылықтардағы аурулардың өршуінен сақтандырады.
Шарт бойынша, кемінде 30 бас мал сақтандырылуы керек.

Сақтандырылатын малдың санына байланысты сақтандыру тарифінің түрлі деңгейі белгіленді:
 Жылқылар үшін - 2,31-ден 6,46%-ке дейін;
 Ұсақ мал үшін – 2,38-ден 6,16%-ке дейін.

- Осы өнімдер бойынша сақтандыру сыйақыларын мемлекет субсидиялайды, - деді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының басқарушы директоры-Басқарма мүшесі Асқар Қалиев. - Бұл мемлекеттік қолдау – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыруға және сақтандыру сыйақысы сомасының 50%-ын субсидиялау арқылы сақтандыру шартын жартылай арзандатуға бағытталған.

Атап айтқанда, сақтандыру шартын жасасқаннан кейін фермер шарт құнының жартысын төлейді, қалған жартысын ол үшін оператор – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры төлейді.

Жүйеде Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің лицензиясы бар сақтандыру компаниялары ғана жұмыс істейді.

Осы тәуекелдерді әлемдік сақтандыру нарығында «А» рейтингісі бар Халықаралық қайта сақтандыру компаниясы қайта сақтандыратын болады. Бұл сақтандыру тәуекелдері туындаған жағдайда кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шарт жасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық рәсімдер фермердің электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы Qoldau.kz платформасында орналасқан Agroinsurance ақпараттық сервисінде жүргізіледі.

06 тамыз 2021 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031