» » Білім министрлігі талапкерлердің ҰБТ-ны қайта тапсыру мерзімін жариялады

Білім министрлігі талапкерлердің ҰБТ-ны қайта тапсыру мерзімін жариялады

Қазақстанда тамыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Тестке тіркеу 6 тамызға дейін жүргізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

ҰБТ

Министрліктің хабарлауынша, тіркеу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. Бұл тест алдыңғы ҰБТ бойынша шекті балл жинай алмаған үміткерлерге тағы бір мүмкіндік беру үшін өткізіледі.
Тамыздағы тестілеуден өткендер жоғары оқу орнына ақылы негізде түсе алады. Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері де, алдыңғы жылдардағы түлектер де, колледждерді бітіргендер де, шетелдік мектептерді бітіргендер де тамыз айындағы ҰБТ-ға қатыса алатыны хабарланды.
Бұл тестілеу, негізгі тест сияқты, электронды форматта 10-13 тамыз аралығында өтетінін хабарлады білім және ғылым министрлігі. Тіркелу кезінде тестілеушілер сынақ күнін, уақыты мен орнын өздері таңдауға құқылы.
"Өкінішке қарай, кейбір талапкерлер қаңтар мен маусым аралығында өткен ҰБТ емтиханы кезінде шекті балл жинай алмады. Ал олар еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігінен айырылды, осылайша олар тамызда тест тапсыруға мүмкіндік алды. Ол үшін олар тиісті шекті балл жинауы керек және тестілеудің әр пәні бойынша кемінде 5 балл жинауы керек", – деп түсіндірді БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.


05 тамыз 2021 ж. 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 709
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 450

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031