» » ҰБТ: Нәтиже қандай?

ҰБТ: Нәтиже қандай?

САПАЛЫ БІЛІМ САНАЛЫ ҰРПАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ. ОҚУ САПАСЫН БАҒАЛАУ ІСІ ЕЛІМІЗДЕ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ӨЗГЕРДІ. ЕСКІ СҮРЛЕУДЕН ШЫҒЫП, ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ 11 ЖЫЛҒЫ ОҚУ ҮЛГЕРІМІН ТЕСТ ТАРАЗЫСЫНДА ӨЛШЕУ ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРІП КЕЛЕДІ.

20 қаңтардан бастап еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тест ақпанның 5-не дейін жалғасады. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1230 аудитория жұмыс істейтін болады. Тестілеу 5 пән бойынша өтеді: 3 міндетті және таңдаған мамандығына байланысты 2 бейінді пән. ҰБТ қатысушыларына барлығы 120 тест тапсырмасыберіледі, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық бойынша 15 сұрақ, оқу сауаттылығы бойынша 20 сұрақ және бейінді пәндер бойынша 35 тапсырмадан болады. Тестілеу тапсыруға 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ-ға қатысушылар барлығы 140 балл жинай алады.
20-22 қаңтар аралығында ауданда мектеп бітірушілер ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсырды. Қазіргі таңда ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу жылына төрт рет (қаңтар, ақпан, наурыз, маусым) ұйымдастырылады. Аталған сынақ жоғары оқу орындарына түсу үшін үш рет ақылы, маусым айында мемлекеттік гранттарға түсу үшін өткізіледі. Ауданда екі ұлттық тест орталығы орналасқан. Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізудің No779 (ҰБТӨП) филиалы Жосалы кенті No250 мектеп-лицей базасында орналасқан. Оған Жосалы кентіндегі 7 мектеп пен елді мекендерде орналасқан 11 мектеп қатысады. Ал Ақай ауылы No99 орта мектепте орналасқан ҰБТӨП-нің No857 филиалы арқылы Төретам кентіндегі 3 мектеп, Ақай ауылындағы 2 мектеп және Байқоңыр қаласындағы 5 мектеп келіп ҰБТ тапсырады. Қаңтар айындағы ақылы тестке аудан бойынша 676 мектеп бітірушінің 592-сі өтініш бергенімен, тестілеуге 587 бітіруші қатысты. Ақылы сынақ карантин талаптарына сәйкес жүргізілді.
– Қатысушылар санитарлық талаптарды қатаң сақтап тестілеу пунк ттерінде дезинфекциялық тексерулерден өтті. Жиектемелік металліздегіш және оқушыларды жеке тексеру кезінде қолда ұстайтын металліздегіштер пайдаланылды. Ұлттық тестілеуде ашықтықты қалыптастыру мақсатында, ата-ана немесе жұртшылық көруі үшін бейне тіркеуіш яғни 12 данадан IP камера нүктелері қойылып онлайн трансляция қамтамасыз етілді. Сынаққа кіру және тапсыру кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланған немесе ҰБТ ережесін бұзған бітірушілер анықталған жоқ, – деді аудандық білім бөлімнің маманы Нәзен Бахадурова.
Бітіруші түлектер тест сынағының алғашқысын артта қалдырды. Әлі үш рет тест сынағын тапсырады. Иә, оларды маңызды сынақ күтіп тұр. Бұл жолда талайдың тауы шағылады, талай білімді өскін жоғары балдан қағылып жатады. Өйткені ҰБТ тек білімді емес, жүйкенің мықтылығын да сарапқа салатын сайыс. Рас, мұнда бірі – бағына, бірі – біліміне, енді бірі – асқақ арманына сенеді.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
30 қаңтар 2021 ж. 821 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031