» » Құрбан айттағы қайырлы істер

Құрбан айттағы қайырлы істер

Биыл мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт екінші жыл карантин жағдайында өтті. Әлбетте, үлкен айт күндері Жаратқанның берген ризық-несібесіне шүкіршілік еткен әрбір мұсылман «Карантинде қалай құрбандық шаламыз?» деген сауалға жауап іздегені анық. Осыған орай Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының биылғы құрбан шалу рәсімінің екі түрлі жолмен, яғни дәстүрлі және онлайн түрде жүзеге асырылатынын хабарлаған-ды. Одан бөлек шектеуге байланысты іс-шаралардың өтуі тоқтатылғаны тағы бар.
Бұқаралық көпшілік шаралар болмаса да, айт күнді отбасылық мереке ретінде атап өтті. Ең бастысы – ҚМДБ бастамасымен құрбан шалу қашықтан жүзеге асырылып, қайырымдылыққа көп көңіл бөлді.
Ауданның мешіт жамағаты биыл құрбан шалу, қайырымдылық жасау әдетінен жаңылған жоқ. Жылдағы дәстүр бойынша құрбандыққа малын сойып, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлігін тегін үлестірді. «Қар­мақ­шы ата» мешітінің бас имамы Жақсыбек қажы Әбиұлы бұл жайында былай жеткізді.
– Құлшылық жасаудың түп мәні – Жаратушының жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау. Сонымен қатар құрбандық шалу да тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Биылғы ұлық мерекеге жылдағы дәстүрімізден таймай мешіт қызметкерлері бірігіп ірі қарамызды сойып, мұқтаж отбасыға үлестірдік. Мешіт жанынан құрылған еріктілер жақсы іс көрсетіп, сойылған етті үйлерге таратып отырды. Жекелеген азаматтар да қолдан келгенше құрбандық шалып, жақсылық жасаудан қалыспады. Одан бөлек kurban2021.kz сайты бойынша өтініш берген кент тұрғындары жүз процент құрбан етімен қамтылды, – дейді ол.
Облыстық санитария басқар­ма­сының шығарған қаулысы сақтық шараларын сақтау үшін көптеген іс-шараға шектеу қойды. Өкінішке орай Құрбан айт күні мешіттерде айт намазы оқылған жоқ.
– Биыл мерекеде арқан тартыс, қол күрес, гір көтеру, күрес секілді ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырып, жігіттер арасында жарыс өткізу жос­парда болған. Алайда шектеуге байланысты бәрі кейінге шегерілді. Бұйырса індеттен аман-есен өтіп жатсақ келер жылы қасиетті мерекені ойдағыдай өткіземіз деген ниетіміз бар, – дейді бас имам.

Ерсін ӘЛІБАЙ
24 шілде 2021 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930