» » Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясындағы ілкімді істер

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясындағы ілкімді істер


Биыл Арал ауданында «Аралтұз» АҚ-ның «Ас тұзын өндіру» цехы іске қосылады. «Qazaq Qamel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауыты» салынбақ. Сондай-ақ, Қармақшы ауданында жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысы үшін 150 орындық лагері және Қызылорда қаласындағы Ш.Есенов атындағы 150 орындық білім беру орталығы ашылады. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жоспарланған игі жұмыстардың бір парасы. Өңірлік коммуникациялар қызметің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова толығырақ тоқталды.
Сонымен қатар, дала академигі Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығы мен әнші Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік шаралар, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған «Жырлансын Тәуелсіздік жырлары» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауы, Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдығына аясында Қазалы ауданында ескерткіш орнату да осы жылдың еншісіндегі ауқымды шаралар.
Семей ядролық сынақ алаңының жабылғанына 30 жыл толуына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері және Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл» атты дөңгелек үстел, «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасы рөлі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциялар өткізуде жоспарлануда.
Айта кету керек, «Жасампаздыққа толы жылдар» басты идеясы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу 12 тақырыптық бағытта іске асуда. Жыл басынан бері облыста 4347 іс-шара жүзеге асса, оның 3-і халықаралық, 11-республикалық деңгейде. Сондай-ақ, өңірімізде 11 әлеуметтік нысан ашылды.
«Атап айтқанда, «Бір терезе» қағидаты негізінде үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету азаматтық орталығы, Қызылорда қаласындағы теннис орталығы, Жалағаш кентінде салынған аудандық жабық бассейні, «Бизнеске арналған үкімет» орталығы мен Сырдария ауданы, А.Тоқмағамбетов ауылында орналасқан 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Жалағаш кентін көгілдір отынға қосу, Жосалы кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырлары құрылысын іске қосу, Арал ауданы Аққұлақ елді мекеніне, Қазалы ауданы Жанқожа, Майдакөл елді мекендерін су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілді. Осы жерде ерекше айтатынымыз, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облыстағы барлық аудан орталықтары көгілдір отынға қол жеткізіп отыр», - деді Мира Жомартқызы.
«Қайырымды істер марафоны» жобасы да ел тәуелсіздігін мерекелеу аясында қолға алынды. Жыл басынан бері облыстық волонтерлер фронт офисімен бірігіп, 22 156 адамды қамтыған 450 шара өтті. 6 548 адамға 91,7 млн теңгенің көмегі берілді. Волонтерлер фронт офисінің жетекшісі Болатбек Айтбенбетовтің айтуынша, жыл соңына дейін 1000 қайырымды іс жасау жоспарланып отыр.
Жалпыұлттық жоба бастау алғаннан бері білім беру саласы белсенді ат салысып келеді. Мектеп оқушыларынан құралған еріктілер тобы үйден оқитын, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға көмек қолын созуда.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін шаралар жыл көлемінде лайықты жалғасын тауып, жоғары деңгейде ұйымдастырылатыны анық.
21 шілде 2021 ж. 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031