» » Маңызды қадамдардың бірі

Маңызды қадамдардың бірі

Мемлекет басшысы өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізудің қажеттігін айтқан еді.
Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған маңызды қадамдардың бірі. Өйткені реформа жергілікті басқару жүйесіне қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертеді. Яғни ауыл тұрғындары өздерінің көңілінен шығатын және әлеуметтік талаптарын орындай алатын әкімін таңдайды. Соңғылары да жергілікті халықтың қолдауына ие болса, өзінен жоғары тұрған аудан басшысы алдында да белгілі бір саяси салмаққа ие бола алады.
Талапқа саймын дегендері тап қазір қызу дайындық үстінде. Өзін-өзі ұсынған азамат кемі екі жыл мемлекеттік қызметте яки екі жыл жеке кәсіпорында жетекшілік жұмыс істеуі тиіс. Ал ешбір жерде ресми жұмыс істемеген азаматтар ауыл жайын жақсы білсе де, сайлауға қатыса алмайды.
Халқымызда «әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз бар. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлау бастамасы шын мәнінде халық пен билік арасын жақындастыра түседі деген сенімдеміз.
Ерболат ҰЗАҚБАЕВ,
еңбек ардагер
10 шілде 2021 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031