» » "Спутник V" вакцинасы жасөспірімдерге сыналды

"Спутник V" вакцинасы жасөспірімдерге сыналды

Ресейде "Спутник V" вакцинасын жасөспірімдерге сынау басталды. Бұл туралы Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі орынбасары Анастасия Раковаға айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Мәскеу мэрі орынбасарының сөзінше, дүйсенбі, 5 шілде 21 адам "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алған. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші фазасына 12-17 жастағы жасөспірімдер қатысып жатыр.
"Екпе алдында қатысушылар міндетті түрде жіті медициналық тексерістен өтеді. Оның ішіне ПТР-тестілеу де кіреді. Кеше 21 адамға бірінші компонент егілді, оның 11-і – З.А.Башляева атындағы балалар ауруханасында, 10-ы – Морозовская балалар ауруханасында. Балалардың жағдайын дәрігерлер бақылап отыр, тек екі жасөспірімнің ғана аздап дене қызуы көтерілді, ал жалпы барлығы өзін жақсы сезінеді", - деді мэр орынбасары.
Ракова жасөспірімдерге "Спутник V" вакцинасы салынғанын атап өтті.
Айта кетсек, бұл препарат қазір 18 жастан асқандарға егіліп жатыр.
07 шілде 2021 ж. 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 050
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 651

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031