» » Қазақстанда алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелерге мүмкіндік туды

Қазақстанда алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелерге мүмкіндік туды

Безбүйрек ерлердің баласы алдындағы қарызы 350 миллион теңгеге жеткен. Жұмыс жоқтығын сылтауратқан азаматтарға енді әділет департаменті мен жеке сот орындаушылар палатасы екі қолға бір күрек тауып беруге кірісті, деп хабарлайды “КТК”.

“Әйел аз төлеймін, жасырын жұмыс істеп жүр деп ойлап жүр. Менің ондайым жоқ. Бетім ашық. Айтқан. Шақырды. Мен келдім, жұмыс табуға. Қоймашы бар екен, менеджер бар”, – деді Алматы қаласының тұрғыны Руслан Тілеужанов.
Бір ғана Алматының өзінде алимент төлейтін әкелер саны 12 мыңнан асқан. Бірі перзентінің алдындағы берешегін өтеп жатса, көбісі жалақысын жасырып қалуға тырысады.
Жауапсыз ерлердің борышын төлетуге мемлекет қолданбаған шара қалмаған. Әйтсе де ескертуді елемейтіндер көп жағдайда төлемнің уақтылы жасалмауын, жағдайының төмендігі және жұмыссыздықпен байланыстырады. Енді "Жұмыс орындары жәрмеңкесі" ұйымдастырылып, әділет басқармасы 15-тен аса компанияны аталмыш  шараға тарттып отыр. Әрқайсысында 50-ге жуық бос вакансия бар. Онда ер-азаматтар қолынан келетін жұмысқа орналастыра алады.
“Әрқайсысынан алатын болсаңыз, миллионның үстінде. Әр борышкердің, 200 адамның миллионның үстінде. Үш айдан артық төлемесе,оны проблемалық алиментке кіргізіп жатырмыз. Біреуде 2 миллион бар. Біреуде 3 миллион.  Екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Он адамға қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оның үстіне тағы алменттен жалтарып жүрген 25 адамға сондай шара дайындап жатырмыз”, – деді Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Абай Арап.
16 маусым 2021 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 184
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031