» » «Ауырғанда жылы шырай жеткілікті»

«Ауырғанда жылы шырай жеткілікті»

Денемді әлсіздік басып, тұла бо­йымнан ауырлықты байқадым. Әдеттегіше жаздыгүні тиген салқын екен деп үйден ыстық сорпамды, дәрі-дәрмегімді іштім. Күннен-күнге денсаулығым күрделеніп, өңешімнен ас өтпей қалды. Бұлай жата берген болмас деп жедел жәрдемнің көмегіне жүгіндім.
Көп күттірмей жедел жәрдем қызметкерлері келді. Жылы шыраймен қызметін атқарған олар аудандық ауруханаға алып кетті. Мұнда келген соң толық тексерістен өттім. Сөйтсем екі жақты пневмония екенмін. Өкпемнің ағарып кеткен тұсын көріп есеңгіреп қалғаным рас. Содан не керек, провизорлы стационарға 14 күнге бақылауға жатқызды. Мейірбикелер есіктен енген сайын жанымызды шүберекке түйіп отырамыз. Ағзада вирус болмаса екен деген күдік басым еді. Жоқ, сәтін салып осы бөлімде емделуге қалдым. Алғашқы күннен бастап қызметін көрсеткен барлық ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Іштің тазалығын сақтап жүрген аяжан, ауық-ауық жағдай сұрап, ем-шарасын көрсеткен дәрігерлер мен мейірбикелерге құрметімнің қандай екенін білсеңіз ғой. Ыстық емес, маса жоқ, жайлы жерде сол қызметкерлердің қамқорлығында болдық.  Екі күнде бір келіп, жағдайымызды сұрап бас сұғатын аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев пен аурухана қызметкерлеріне қалай алғыс айтсам да жеткіліксіз болар. Палатада көңілің құлазып, әлсіздіктің дәмін тататын бізге жәй ғана жылы шырай мен жағдай сұрап, көңіл аударған жеткілікті. Адам өзі жанында жүргендерден жақсы пейіл мен көңілге зәру болады ғой. Ал екі өкпеңді ауру қысқанда құрақ ұшқан жандар күлімдей келіп жағдай сұрағанда тіпті ауруыңнан қалай айығып жатқаныңды аңғармай қаласың. Қайсыбірін айтайын, бірнеше күнге созылған ауруханадағы ем-шара мәресіне жетіп, қайта тексеріс жасалды. Барлығы жақсы, бірқалыпқа түскен екен. Қуанышымда шек болмай үйіме шығарылдым. Ауруханадан шыққанымда қимай қоштасқан ақ халаттыларым күлімдеп шығарып салды. Аяқасты аурумен арпалысқанда жаныма дәру болып, ем-домын уақытылы көрсетіп, емдеп шығарған барша аудандық аурухана қызметкерлеріне алғаусыз алғысымды білдіремін. Әрқашан еңбектері жанып, елге қызмет көрсетуде абыройлы болсын!

Үрліхан ҚОЖАХМЕТОВА,
ардагер-ұстаз
08 маусым 2021 ж. 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930