» » "Қара тізімге енесің"

"Қара тізімге енесің"


Әртіс болғым келгені рас. Мектеп кезінде оған өзімнің шеберлігім жетіп тұратын еді. Қалай деймісіз? 9 сынып. Мұғалім уақытында келмесе кабинеттен шығып, өріп кететініміз бар. Бірде солай болды. Қай пән екенін айтып қайтейін, әйтеуір апайымыз ұзаққа кешікті.
Класс өзі бір орында отырмайтындардан құралған. Ондай әр сыныпта бар ғой. Содан не керек, тысқа шығып, мәз болып жүрміз. Кенет дәлізден туфлидің тықылдаған дауысы естілді. Апай екенін бірден сездік. Бірақ кабинетке кіріп үлгермедік. Содан біздің мұндай қылығымызды көрген апай әбден ұрысып, мектеп инспекторына апарды. Жүрек шіркін діріл қаққан. Түсінік алды, ақылын айтты, жекіп жатыр. Кейде тіпті "мына түсінікті ана жаққа жіберсем, қара тізімге енесіңдер" дейді ауық-ауық. Шыны керек, өмірімізде ондайды көрмеген біз шошып отырдық. Арада 2 сағат өтті. Сабақ уақыты баяғыда біткен. Біздегі мақсат – бөлмеден шығу. Нысан – әлгі жазған түсініктің көзін жою. Содан Айнұр іштей жоспар құрып қойды. Оны қасындағы класс старостасына айтты. Ендігі 3-ке дейін санау қалды. Класс болып дайындалып тұрмыз. Терең дем алып, көзді тарс жұмдым. 1, 2, 3 дегенде талып қалдым. Талғанда да кабинет ортасында шалқамнан түстім. Көзімді тас қып жұмып алғам. Тіпті ашпаймын. Қасымдағы әртістерім жүгіріп кеткен. Бірі "су, су" деп айқайлап жатса, енді бірі "оның жүрегі ауырады" дейді. Сол сәтте мектеп инспекторының жаны шығып кетті. Кабинет есігін ашып "ойбай қайтыңдарға" салды. Ал бір бума түсінікті старостаның қолына табыстап, көзін құрт деді. Мен болсам сығырая бір көзімді ашып, қарап қоямын. Болды ма дегендей бас изеймін. Ал олар бас бармағымен лайк басты. Солай қолымнан сүйеп, кабинеттен алып шықты. Бала жоспардың маңызды миссиясы осылай сәтті аяқталған еді.
Тілшілік тіршілікпен мектеп қабырғасына барып, бас сұға­ты­ны­мыз бар. Партаға отырып, оқушы сәттерді ұзақ еске алып тұрамыз. Осындайда еске түскен ерекше естелік еді бұл.
Қайтып келмес кездер екен ғой...


Айнұр ӘЛИ
25 мамыр 2021 ж. 982 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031