» » Бүгін облыс аумағында шаңды дауыл болады

Бүгін облыс аумағында шаңды дауыл болады


24 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде Батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде өткінші жаңбыр жауады.
«Кей жерде жел күшейеді, республиканың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, оңтүстігінде найзағай, солтүстігінде түнде тұман болады», – деп хабарлайды синоптиктер.
Күндіз Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі
Түркістан, Атырау облыстарының кей жерінде жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі деп жоспарланып отыр.
Жамбыл, Қызылорда  облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының тауларында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Алматы облысының тауларында желдің күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі.

24 мамыр 2021 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 263

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031