» » 2026 жылдан бастап «Протон» зымыран-тасығышы Байқоңырдан ұшырылмайды

2026 жылдан бастап «Протон» зымыран-тасығышы Байқоңырдан ұшырылмайды



Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Протон» зымыран-тасығышы ұшыру қай жылы толықтай тоқтайтынын айтты, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
Ресей тарапы «Байқоңыр» айлағынан «Протонды» ұшыруды қысқартып жатыр.
«Жалпы, «Протон» зымыран-тасығышын ұшыруды қысқартуға тоқталсақ, 2016 жылы тиісті уағдастыққа қол жеткізілді. Осы орайда жыл сайын «Протон» зымыран-тасығышы бес реттен артық пайдаланылмайтыны және 2026 жылға қарай бұл зымырандарды пайдалану толықтай тоқтатылатыны ескерілген», – деді министр депутаттардың сауалына жауап бере отырып.
Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылы «Протон» зымыран-тасығышы бір рет ұшырылған. Ал 2021 жылға аталған зымыран-тасығыш бойынша Ресейдің жоспары әзірге ұсынылмаған.
«Қазір жылына бес рет пайдалану көрсеткішіне жетпейді. Олар бұл зымыран-тасығыштарды ұшыруды өздері қысқартып жатыр», – деді Бағдат Мусин.
13 мамыр 2021 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930