» » Халықаралық байқауда топ жарды

Халықаралық байқауда топ жарды

Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстаздың орны ерекше. Ал олардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Осындай зор құрметке жақында ауданға қарасты Алдашбай ахун ауы­лындағы №111 мектептің директоры Айжан Сүйінбаева да ие болды. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ақпан айында жалпы білім беретін пәндер бо­йынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткен болатын. Аталған жобаға ауданнан 3 оқушы қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде №111 мектеп оқушысы Нұрайым Пәкуәдинова «қолданбалы математика» секциясы бойынша ІІ орынды иеленіп, облыс мерейін асқақтатса, наурызда бұл қуаныш еселеніп, тағы бір жүлде қорымен толықты. Нұрайым ZOOM платформасы арқылы өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ халықаралық конкурсында «қолданбалы математика» секциясы бойынша қола медаль иегері атанды. Ал Нұрайымды жеңіс жолына бағыттаған жетекшісі мектеп директоры Айжан Сүйінбаева. Ол жоғары санатты, 27 жылдық тәжірибесі бар білікті ұстаз. Талай шәкірттің өмірден өз жолын табуына өзіндік үлес қосып жүрген ардақты жан. 1994 жылы аталған мектепке ұстаз болып орналасып, қызметтік сатылардан өткен ол 2013 жылдан бері мектепке директорлық етеді.
– «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, облыстық түрлі байқаулар мен пән олимпиадалары – әр ауданның жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлары сынға түсер білім додасы. Осындай сында ел мерейін арттырар оқушы тәрбиелеу – ұстаз алдына қойылған зор міндет. Осы жолда аянбай тер төгіп жүрген мектеп мұғалімдері мен әрқашан қолдауға дайын ата-аналарға алғысым шексіз. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақтың заман талабына сай жан-жақты тұлға болып қалыптасуына жауапты мектеп қабырғасы, яғни ұстаздар қауымы екені белгілі. Бүгінгі қоғамға өмірден алған тәжірибесі мен білім мазмұнын толықтыра алатын функционалды са­уатты оқушы қажет. Олай болса, мектеп ұжымы осы міндеттің үдесінен шыға берері даусыз, – дейді мектеп директоры Айжан Кәжденбекқызы.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
20 сәуір 2021 ж. 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031