» » Өңірдегі өркенді өзгерістер

Өңірдегі өркенді өзгерістер


Жұмада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ауданға келіп, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Аймақ басшысы аудандық емханаға барып, аудандағы коронавирус инфекциясына қарсы күрес шараларымен танысты. Ол медицина қызметкерлеріне пандемия уақытында босаңсуға болмайтынын айтып, індетті ауыздықтауға бағытталған іс-шараларды күшейтуді жүктеді.
– Соңғы уақытта Covid-19 вирусы бүкіл әлемде қайта өршіп, адам өміріне үлкен қауіп төндіруде. Біздің аймақ та жақында «Сары аймаққа» енді. Сондықтан біз індетке қарсы жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Тұрғындарға сақтық шаралары мен вакцинация туралы ақпараттарды кеңінен таратып, оларға вирустың қауіпті екенін әлде де түсіндіруіміз керек. Әлем ғалымдары коронавирусты жеңудің жалғыз жолы екпе екенін мо­йындап отыр. Сол себепті, халықтың екпеге деген оң көзқарасын тез арада қалыптастыру міндеті тұр, – деді облыс әкімі Гүлшара Наушақызы.
Мұнан соң өңір басшысы кент орталығында Абай көшесі мен орталық алаңдағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жалпы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ауданда 3 млрд теңге қаржы көлемінде 40 жоба іске асырылған. Кент келбетіне түнгі уақытта көрік беру мақсатында орталық алаңдағы коллонна мен 6 дана аркаға жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.
Сапар барысында облыс әкімі жос­пардан тыс «Дәметкен ана» балалар оңалту орталығына барды. Оңалту орталығының басшысы Дина Исмаилова аймақ басшысынан мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді сұрады. Бұл ретте Гүлшара Әбдіқалықова аудан әкіміне тиісті іс-шараларды қабылдауды тапсырды.
Аудандағы кәсіпкерлік нысандар да аймақ басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Кенттегі сауда үйінің жұмысымен танысты.
Өткен жылдың басында басталған әлемдік індет көптеген кәсіпкерге қиындық келтіргені рас. Әсіресе, тойханалар жұмысын тоқтатып, кейбір кәсіптік нысандар бағытын өзге салаға бұрды. Кенттегі Жанар Бұқпанованың 300 орындық мейрамханасы да бүгінде балалар ойын-сауық кешеніне айналды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова кәсіпкердің жұмысына оң бағасын беріп, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау жасалып жатқанын жеткізді.
– Қазіргі таңда пандемияның барлық салаға кері әсерін тигізіп отырғаны жасырын емес. Қызмет көрсету орталықтарының көбі жұмысын тоқтатты. Біз осы саладағы кәсіпкерлерге кәсібін өзге бағытқа ауыс­тыру жөнінде ұсыныс жасадық. Бүгінде кәсіп иелері кафе мен тойханаларды өндірістік орындарға ауыстыруда. Мемлекет тарапынан да оларға қолайлы жағдайлар жасалды. Сондықтан бұл шараларды өзге де кәсіпкерлер түсінуі тиіс, – деді облыс әкімі.
Сапар барысы ауданға қарасты Қармақшы ауылында жалғасып, облыс әкімі ондағы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеуден өткен №13 «Балбөбек» бөбекжайының жұмысымен танысты. Одан соң ауылдық округтегі №113 мектепте ауыл тұрғындары және белсенді жастармен кездесіп, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінен хабардар болды. Сондай-ақ, өңір басшысы тұрғындарымен коронавирус инфекциясынан сақтану, екпе салдыру мәселелерін талқылады.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова аудандағы жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысына арналған лагерь құрылысын да назарға алды. Аталған нысанға осы жылға облыстық бюджеттен құрылысын аяқтауға қажетті 783,3 млн теңге қаржы бөлінген. Аймақ басшысы мердігер мекемеге жұмысты уақытында әрі сапалы жүргізу қажеттігін тапсырды.
«Қт» ақпарат
20 сәуір 2021 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031