» » Пандемия 2021 жылы аяқталмайды – эпидемиолог

Пандемия 2021 жылы аяқталмайды – эпидемиолог



Коронавирус пандемиясы 2021 жылы аяқталмайды, бірақ жазда вирус жұқтыру айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Бұл туралы «РИА Новости» тілшісіне Роспотребнадзордың орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі кеңесшісі, Ресей Ғылым академиясының академигі Виктор Малеев айтты.
«Пандемия, әрине, ерте ме, кеш пе аяқталады, бірақ менің ойымша, биыл емес, дегенмен аяқталса ДДҰ мәлімдейді. Алайда коронавирус маусымдық сипатқа ие, бұған көптеген дәлел бар. Бұл өткен жазда Ресейде және басқа да елдерде жұқтыру жағдайлары азайғанда дәлелденді. Биыл да солай болуы мүмкін», – деді Малеев.
Ол қазір әлемде короновирус жұқтыратын уақыт екенін атап өтті. Еуропа елдерінде сырқаттанушылық төмендеп жатқан жоқ, бұдан басқа, тестілеумен қамтылу деңгейі төмен Африка мен Азияның бірқатар еліндегі жағдай түсініксіз.
«Біз бүкіл әлемдегі жағдайды қадағалап отыруымыз керек, өйткені ол біздің елге де әсер етуі мүмкін. Коронавирустың алғашқы жағдайлары бізге Еуропадан әкелінді», – деп түсіндірді Малеев.
Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы әлемде халықтың 70 пайызында иммунитет пайда болғанда басыла бастайды, бірақ СOVID-19 мутацияларын және қолданыстағы вакциналардың оларға қарсы күшін бақылау маңызды.
Жалпы әлемде 129 миллион адам коронавирус жұқтырды, олардың 73 миллионы жазылды, 2,81 миллион адам қайтыс болды.
04 сәуір 2021 ж. 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 198
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 840

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031