» » «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі қолданыста

«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі қолданыста

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында жаңадан қолданысқа енгізілген «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің қоолданылу барысын талқылау жөнінде жиын өтті. Оған шақыру комиссиясының дербес және резервтік құрамы және ҚР Ұлттық Ұланы 5547 әскери бөлімінің штаб бастығының аға көмекшісі капитан Қ.Ауелов қатысты. Аудан әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы Жарқын Омаровтың төрағалық етіп, ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы №605 «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын жеткізу мақсатында шақыру комиссиясының дербес және резервтік құрамдарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық жүйенің жұмыс тәртібі, нұсқаулығы жеткізіліп, 2021 жылғы көктемгі шақыру жұмыстарының барысы туралы талқыланды.
– «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2021 жылдың наурыз-шілдесінде және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы №503 Жарлығы шықты. Осы жарлыққа сәйкес наурыз айынан бастап мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысы басталды. Шақыру комиссиясының дербес және резервтік құрамы бекітіліп, талаптары түсіндірілуде, – деді ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Рүстем Тұрганов.
Жиын барысында комиссия мүшелері сұрақтар қойып, оған оңтайлы жауаптар алынды. Кезекті көктемгі шақыру комиссия және мемлекеттік қызмет бойынша сапалы жұмыс істеу жолдары талқыланып, комиссия төрағасынан нақты тапсырмалар берілді. Жиын соңында комиссия төрағасы ҚР ҰҰ 5547 әскери бөлімінің өкілі капитан Қ.Ауеловпен бірлесіп Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, капитан Рүстем Тұрғановты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Т.Әміреевтің «2020 жылдың күзінде «Оңтүстік» өнірлік қолбасшылығы әскери бөлімдеріне бекітілген Қорғаныс істер департаменттерінен шақырушылар командаларын зерделеу, іріктеу және жөнелту кезінде лауазымдық міндеттерін жауапты орындағаны үшін» марапаттау грамотасын табыстады.
Бұл ретте аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы бөлім бастығын жетістігімен құттықтап, алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі бойынша аудандық шақыру комиссиясы мүшелерінен материалдық техникалық базаның дайын екендігін нақтылап, алдағы уақытта келіп түскен өтініштерге жауапкершілікпен қарап, уақытылы жауап беруді тапсырды. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөліміне Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы берілетін «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру», «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау қажеттігін де атап өтті.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
24 наурыз 2021 ж. 1 084 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 267

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 366

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930