» » Серпін берген семинар

Серпін берген семинар


Жуырда ауданының оқушылар үйінде “Жас ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу – басты нысана” тақырыбында аудандық семинар өтті. Онда үйірме жетекшілері шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Семинарға аудандық білім бөлімінің басшысы Дастан Нәзікбаев, білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Әбен Қаракөзиев, ардагер ұстаз Төленді Мырзабаев, Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің директоры Дәулет Байғараев пен ұстаздар қонақ болып қатысты.
Семинар қонақтары ұжымдағы «Креатив», «Заманауи дизайн», «Құм анимациясы», «ART-дизайн», «Hand Made» үйірмелерінің креативті, шығармашыл ұстаздары мен шәкірттерінің жасаған қолөнер көрмесін тамашалады. Шығармашылық көрмені бұқаралық-ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі М.Аймаханова таныстырып, әр бұйымның жасалу жолы мен эстетикалық, тәрбиелік мәніне тоқталды. Қазіргі таңда ұжымның көркем-шығармашылық бағытта еңбек ететін ұстаздар түрлі жанрдағы жұмыстарын жүйелеп, жандандыруда. Көрмеге мата, қағаз, ағаш, сүйек, жүннен және түрлі-түсті жіптен жасаған заманауи үлгідегі кәдесый, үйтұмар, жұмсақ ойыншық, кесте, ағаш ыдыстар мен арнайы жақтаудағы суреттер қойылды. Шәкірттерін халқымыздың асыл мұрасы қолөнерге баулып, шеберлігін насихаттап үйретуде ұстаздардың ерен еңбегі, талғам мен талап ұштасқан көрменің айқын көрінісі болды.
Таныстырылымнан кейін таланттың сарқылмас қазынасын, жыр-термесін бойына дарытып, ғаламат дүниені музыкамен жеткізе білетін, білікті де білімді ұстаз Ұрхия Жұмабекова жетекшілік ететін «Үкілі домбыра» үйірмесі мүшелері халық әні «Беу, айдайды» домбырамен шырқап, қонақтар көңілін бір серпілтті. «Құм анимациясы» үйірмесінің жетекшісі С.Өскелеңов «Қазақ даласының бейнесі» шеберлік сағатын, «Фитодизайн» үйірмесінің жетекшісі М.Зұлпыхарова «Отбасы – тәрбие бастауы» тәрбие сағатын, «ART-дизайн» үйірмесінің жетекшісі Қ.Каналбеков «Киіз басу технологиясын үйрету» шеберлік сағатын, «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Н.Малаев «Робо Арқан тартыс» роботтар сайысын, «3D модельдеу» үйірмесінің жетекшісі Г.Дюсенова «Scratch» бағдарламасында анимациялық ертегі құрастыру ашық сабағын өткізді. Семинарды психолог Ф.Жұмағазы жүргізді. Мұнан соң қатысушылар дәлізде қойылған «Педагогикалық тәжірибе – шығармашылық бастама» тақырыбындағы әдістемелік бұрышпен танысты. Семинар соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Қ.МАНАСОВА,
аудандық оқушылар үйі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
28 ақпан 2021 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031