Құрылтай
» » Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салынды

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салынды


Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Б. 2020 жылғы 8 қараша күні сағат 17:30 шамасында орталық алаңға топтық төбелеске барып, тас шөкелеп, айқай-шу шығарып, яғни қоғамдық орындарда айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекетті жасаған.
Сот отырысында азамат Б. кінәсін мойындамай, хаттамамен келіспейтінін көрсетіп, заң шеңберінде шешім қабылдауды сұрады.
Алайда, азамат Б.-ның кінәсі жинақталған іс-құжаттарымен және сот процесінде зерттелген мән-жайлармен және ӘҚБтК-нің 784-бабының негізінде, толығымен дәлелденген.
Сот қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 14 585 (он төрт мың бес жүз сексен бес) теңге айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
12 ақпан 2021 ж. 852 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31