» » Өңірде онлайн қызметке жүгінушілер қатары көбейген

Өңірде онлайн қызметке жүгінушілер қатары көбейген

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қызылордалықтардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кең көлемді іс-шаралар атқарылуда. Нәтижесінде тұрғындар ХҚО-ға бармай-ақ, смартфонның көмегімен мобильді қосымшалар арқылы қызметтерді белсенді түрде алуда. Атап айтар болсақ, Жыл көлемінде «eGov mobile» қосымшасына облыс бойынша 50 мыңнан астам қызылордалық тіркеліп, 175 385 қызметті онлайн алған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиал директоры Айдын Қайруллаев баяндады.
Айта кетейік, 2020 жылы филиалдың фронт-офистері сапалы қызмет көрсету бойынша рейтингте республика көлемінде екі жыл қатарынан 1 орында келеді.
«2020 жылы Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 628 783 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде дәстүрлі түрде 623 000 өтініш, ал электронды түрде 5 783 өтініш қабылданды. Бұл көрсеткіштер 2019 жылмен салыстырғанда 36% азайған. Себебі мемлекеттік қызметтердің дені электрондық форматқа ауыстырылды, сондай-ақ қызылордалықтардың цифрлық сауаттылығы артып, электронды-цифрлық қолтаңбаларымен мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала бастады», - деді филиал директоры Айдын Қайруллаев.
Айта кетейік, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігітанымал интернет платформаларға онлайн қызметтерді шығару туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда Kaspi.kz, Halyk Bank, Аlfa Bank және Сбербанк қосымшаларында жеке кәсіпкерлерді тіркеу қызметі іске қосылып, жұмыс істеуде. Алдағы уақытта да бұл үрдіс жалғасын таппақ.
Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2020 жылдың аяғында QR-код қолдану арқылы төлем жасау және ХҚО жұмысын бағалау мүмкіндігін енгізген болатын. Халықпен кері байланысты нығайту мақсатында енгізілген QR-бағалау арқылы бүгінгі таңда 500-ден астам азамат өз пікірлерін қалдырып, Халыққа қызмет көрсету бөлімдері жұмысының сапасын бағалап үлгерді.
Осынау қиын кезеңде қаймығып қалған бұқараның көңілін аулап, жанын жадырату үшін бірнеше ай бұрын ХҚО-да «Біз жылу сыйлаймыз» атты жаңа игі бастама пайда болды. Осы орайда өміріндегі маңызды оқиғаларға орай құжат рәсімдеуге келген қызмет алушыларға құжаттарын салтанатты түрде табыстау дәстүрі қолға алынып, бүгінде ХҚО-ға келген мыңнан астам азаматқа құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды.
«Біз халыққа сапалы қызмет көрсетіп, қызмет алушылар үшін оңай әрі жылдам қызмет көрсетуіміз қажет. Бүгінде әлем өзгеруде, онымен бірге біз де өзгеруіміз керек. Біздің мақсатымыз - қызмет алушыларды жігерлендіріп, қуанышын бөлісіп, жылулық сыйлау», - деді Айдын Бөкенбайұлы.
30 қаңтар 2021 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 411

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 488

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930