» » Нұр-Сұлтан мен он бір облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан мен он бір облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласында және еліміздің 11 облысында боран соғатыны ескертілді.  Ақпаратқа сәйкес, ертең Нұр-Сұлтан қаласында аяз болады. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Сондай-ақ 17 қаңтарда Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында батыстан, оңтүстік-батыстан жел тұрып, түнде оның жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 15-20 метрге, ал кей жерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Оқтын-оқтын жылдамдығы секундына 30 метрден асатын боран тұруы ықтимал. Аталған облыстардың кей жерінде бұрқасын болады. Ақтөбе облысының кей жерін тұман басады. Өңірдің солтүстігінде аяз күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел тұрып, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысының да кейбір өңірінде аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерде секундына 15-20 метр болады. Ал Жарма ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрден астамға жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, аяз болады. Түнгі уақытта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Орал қаласында көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман басады. Жамбыл облысының кей ауданында тұман түседі, көктайғақ, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Тараз қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының да кей жерін тұман басып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел тұрады. 17-19 қаңтар күндері Қызылорда облысының кей өңірін тұман басатындығы күтіледі. Маңғыстау облысында да тұман болады. 17-18 қаңтарда Түркістан облысының кей аумағында тұман, аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел соғады.
 24.kz
17 қаңтар 2021 ж. 725 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930