» » Нұр-Сұлтан және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды


Нұр-Сұлтан және төрт облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

27-28 қазанда НұрСұлтан қаласында желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. 27 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. 28 казанда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Көкшетау қаласы 27 казанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
   
28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел күтіледі, кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 25 метр жетеді. Семей қаласы күндіз 28 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр жетеді.
   
28 қазанда Қостанай облысының оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерінде екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Қостанай қаласы 28 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.
   
27-28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Петропавл қаласы 27-28 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
   
28 қазанда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі. Орал қаласында 28 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метр күтіледі.


27 қазан 2019 ж. 1 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 995
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031